Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

25.02.2016, 10:59 Жаңалықтар / Коммуналдық шаруашылық
Елордалық студенттер ардагерлерге көмектесуде

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 ізгі ісі» акциясы аясында аудан әкімдіктерінің өкілдері студенттермен және жас белсендіермен бірге ардагерлер мен зейнеткерлерге ауладағы қары тазалауға көмектесіп жатыр.

«Алматы» ауданының әкімдігі тиісті акцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Қолғанат» қайырымдылық қорының студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды. Жастар тыл еңбеккерлері мен жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерінің жанындағы қарды тазалады. Қолына күрек ұстаған студенттер топтарға бөлініп, барлық шаруаны бірнеше сағаттың ішінде бітірді. Аула мен төбеден жиналған қар тиегіш көліктің көмегімен шығарылды.

Акцияға «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен «Жас Отан» өкілдері де қатысуда. Аудан әкімдігі Өндіріс, Көктал тұрғын алаптарында тұратын 15 жалғызбасты зейнеткерге көмектеседі. Жастарға қажетті мүлік беріледі, ал қарды шығару үшін арнайы техника тартылады.

Тиісті жұмыстар «Есіл» ауданында да қолға алынды. Аудан әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Жарқын Айтжановтың айтуынша, 1 ақпаннан бастап мердігерлік ұйымдар көмекке мұқтаж қарт адамдарға жәрдемдесуде.

– Біз 14 зейнеткерге көмектесеміз. Ауланы тазалап, қар шығарамыз. Тиісті жұмыстарды мүмкіндігінше жиі жүргізуге тырысамыз. Қариялар көмектесіп, қамқорлық көрсеткеніміз үшін алғыстарын білдіріп жатады, – деді Ж. Айтжанов.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.