Елорадада аула клубтарының фес...

Білім

26.02.2016, 15:06 Білім

Елорадада аула клубтарының фестивалі өтті

Астанада «Аула жұлдыздары» фестиваліне 11 аула клубы қатысты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы аталған шараны оқушылар арасында алғаш рет өткізіп отыр.

Жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде ұйымдастырылды. Шараға қатысуға өтінімдер бір ай бойы қабылданды. Жастар вокал, хореография, инструменталды музыка, спорттық-көрнекі номер және бейнелеу-қолданбалы өнер бағыттары бойынша сайысқа түсті.

«Бұл тәжірибемізде алғаш рет, балалардың барлығы өз машықтарын қолдануы керек деп ойлаймыз. Сахна – тәжірибені, оқытушылық пен білімді нығайту үшін лайықты алаң. Бүгін балалардың әлеуетін байқап отырмыз. Күн сайын өзіңді жетілдіріп отыру керек», – деді «Астана Жастары» орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов.

Оның айтуынша, аула клубтарының арасында спартакиада өткізу жоспарланған, ал шығармашылық ұжымдар Наурыз мерекесін тойлауға қатысады.

Жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі қазылар алқасының құрамына еркін күрестен спорт шебері, Азия чемпионы Қайрат Барсаев; Superstar.kz жобасына қатысушы, әнші Ринат Малцагов; «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әсемгүл Бейбіт және Әнуар Нұрпейісовтың өзі кірді.

Көрермендер назарына билер, музыкалық және спорттық номерлер ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша «хореография» номинациясында «Замандас» АК «Замандас» ансамблі «Модерн» биімен топ жарды; 2-ші орында үнді биімен «Алақай» ансамблі, «Армандастар» АК; «Шағала» АК татар биімен 3-ші орын алды.

«Вокал» номинациясында «Есіл» АК (Аяна Есіркепова) 1-орын; «Мирас» АК (Наргиз Урустемова) 2-орын; «Армандастар» АК (Досжан Сарбасов) 3-орын алды.

«Инструменталды музыка» номинациясында «Секіртпе» халық күйін орындаған «Замандас» АК 1-орында; 2-орында  «Тепен көк» күйімен «Есіл» АК; 3-орында «Береке» АК – «Ерке сылқым».

«Спорт» номинациясында «Армандастар» АК 1-орында; «Астана» АК 2-орында; «Береке» АК 3-ші орында.

«Бейнелеу-қолданбалы өнер» номинациясында «Асар» АК 1-орын; «Шағала» АК 2-орын; «Замандас» АК 3-орын алды.

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.