Елордада 5385 нысан заңдастыры...

Жаңалықтар

03.03.2016, 12:15 Жаңалықтар

Елордада 5385 нысан заңдастырылды

Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде елордада жалпы құны 21,2 млрд. теңгенің 5385 нысаны, сондай-ақ, жалпы сомасы 122,2 млрд. теңгені құрайтын ақша заңдастырылды.

Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша жалпы құны 76,2 млрд. теңгені құрайтын 5775 өтініш келіп түскен.

Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне алым төлеместен екінші деңгейлі банкте ашылған ағымдық шотқа ақша салу арқылы ақша қаражатын заңдастыру бойынша жалпы сомасы 122,2 млрд. теңгенің 45 арнайы декларациясы ұсынылған. Айта кетейік, өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,7 есеге артқан.

Елордалық қаржы қызметкерлері азаматтарды мүлікті, ақша қаражатын заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақшаны және бағалы қағаздарды заңдастыру үшін Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдарына, ал рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастырғанда әкімдіктер жанындағы комиссияларға жүгіну керек. Құжаттар бір айдың ішінде өңделеді және шешім шығарылады. Содан кейін тізілімге енгізіледі және мүлікті тіркеу жүргізіледі. 

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.