Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

08.03.2016, 01:10 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада канадалық хоккей кеші өтті

Бүгін елордада канадалық қонақтар «Барыс» аренасының мұз айдынына шықты. Кездесу барысында Канада елшілігі мен қазақстандық хоккей әуесқойлары өзара күш сынасты.

Дәстүрлі кездесуге Канаданың Қазақстандағы елшісі Шон Стайл мен қазақстандық шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин қатысты.

Хоккей матчтарының дәстүрлі сериясы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ойындар тартысты әрі қызықты өтеді. Міне бүгін де негізгі уақытта ойын 5:5 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз команда буллиттер сериясында анықталды. Нәтижесінде айдын иелері қарсыластарынан басым түсті.

«Канада-Қазақстан 2016» кубогын жеңімпаздарға Энергетика министрі Владимир Школьник табыстады. Тараптар екі елдің аталған спорт түріне деген қызығушылығы екіжақты қарым-қатынастың дамуына ықпал ететінін атап өтті.

«Қазақстан мен Канада елдерінің арасында ортақ нәрсе көп, мысалы, хоккейге деген әуестік пен қатты қыс. Бұл ынтымақтастық орнату үшін жыл сайын нығайып отыратын бірыңғай платформа құрады», - деді Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайл.

Жарыс барысында қайырымдылық лотерея ұтысы өтті, бас жүлде канадалық қаракүзен терісінен жасалған тон, хоккей жабдықтары мен канадалық стильдегі хоккей свитері болды. Жиналған қаржы Қазақстандағы әуесқой хоккейді дамытуға жұмсалады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.