Астанада сайлау өтетін күні жо...

ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы

Астанада сайлау өтетін күні жол жүру тегін болады

2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтетін күні азаматтардың барлық санаты үшін қоғамдық көліктермен жол жүру тегін болады.

Айта кетейік, қазіргі кезде Астанада 63 қалалық бағдар және аялдамалар саны аз, тура қозғалатын 6 экспресс-маршрут, сондай-ақ, жолаушылар тасымалының барлық нормативтеріне сәйкес келетін қала маңына қатынайтын 15 маршрут жүреді.

Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары үшін 213 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады.

Елордада өз сайлау учаскеңізді білу үшін 55-66-55 номері бойынша Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының, e.astana.kz және аstana.gov.kz веб-сайттарының қызметін пайдалануға болады, сонымен қатар, ақпараттық дүңгіршектер арқылы немесе 1414 қысқа номеріне (код сөз – бос орын – азаматтың ЖСН-і) SMS-хабарлама жолдау арқылы ақпарат алуға болады. Өз сайлау учаскеңізді анықтау жолдарымен толығырақ мына жерде таныса аласыз.

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.