Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.03.2016, 17:51 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курстарға 300 адам жазыла алады

Жыл басынан бері елордада азаматтарға қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта тегін курстарға тағы да 300 адам жазыла алады. Ол үшін 29 наурызға дейін Тілдерді дамыту басқармасына өтініш беру керек.

Мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тегін курстарға жазылу үшін өтініш беріп, анкета толтыру қажет, өзіңізбен бірге жеке куәліктің көшірмесін ала келуіңіз керек.

Оқыту курсы 1 сәуірде басталады. Сабақтар күндіз «Іскер» орталығында сағат 09.00-18.00 аралығында өткізіледі. Айта кетейік, курстарға тек ересектер ғана жазыла алады. Жыл соңына дейін тіл үйрену курстары тегін болады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.