Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.03.2016, 17:08 Жаңалықтар / Білім
Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының арасында ХІ «Зерде» республикалық конкурсы өтті. Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпы командалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Конкурс нәтижесінде, 19 астаналық оқушы алтын, 13-і күміс, жетеуі қола алды.

Конкурс қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика-информатика, физика-техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану; биология, химия; валеология, экологиядан өтті.

Айта кетейік, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және зерттеу қызметін дамыту, әлемді, ғылымды тануға деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалдық және ғылыми конкурстарды тұрақты түрде өткізеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.