Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

22.03.2016, 09:00 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана әкімі Ә. Жақсыбековтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Көктемнің осынау ғажайып мерекесі ежелден ырыс пен берекенің, молшылық пен жаңашылдықтың жаршысы саналған. Күн мен түннің теңесіп, дүниенің жайнайтын сәті Қазақ еліне жақсылығын ала келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Астана

қаласының әкімі                    Әділбек Жақсыбеков

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.