Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қоқыс және өңдеу

23.09.2016, 18:30

Астанада қоқыс көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. 2014 жылы жалпы 570 мың тонна қоқыс (2013 жылы 462,7 мың тонна болған) жиналған. 2015 жылы 604 мың тоннадан артық қалдық жиналды, соның ішінде 353 мың тоннадан астамы қатты тұрмыстық қалдықтар. Құрылыстық және өндірістік қоқыс көлемі біршама азайды.

Астана қаласында жиналған қоқыс көлемі 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 6% артқан. Бұл ретте коммуналдық қалдықтар (ҚТҚ) көлемі аталған кезеңде 22% жуық ұлғайған. Бұл үрдіс 2016 жылы да сақталды. Осылайша, 2016 жылдың бес айында 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,6% артық қоқыс жиналған. Бұған қарастырылып отырған кезеңде өткен жылға қарағанда 8,7% артық келісім жасау септігін тигізді. Бұл ретте Астана қаласы бойынша Экология департаменті жүргізген тексерулер бойынша келісімдер саны 1,4 есесге өскен.

Қалада екі ұйым халықтан ҚТҚ жинау қызметімен айыналысады: «Астана Тазарту» ЖШС және «Таза Әлем-Астана» ЖШС, сондай-ақ 85 артық арнайы техника тартылған.

Қаладағы 1 842 контейнерлік алаңға 11 241 контейнер қойылған, олардан күн сайын 1 000 тонна қоқыс шығарылады.

2015 жылы 150 жаңа контейнер алаңын салу, 294 контейнер алаңын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер (күл жинауға арналған көлемі 0,75 текше м - 566; 1,1 текше м - 512; көлемі 0,8 текше м - 148) сатып алынды.

Қоқысты жерлеу мен өңдеуді ұлғайту көлемін қысқарту мақсатында Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуін ескере отырып, елордада қалдықтарды бөлек жинау бойынша іс-шаралар қолға алынған:

2013 жылдан бастап халықтан құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарды жинау және одан әрі пайдаға асыру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында мында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарды жинау үшін 300 арнайы контейнер орнатылды (жоба іске асырылған кезеңде халықтан екі миллионға жуық құрамында сынап бар шам жиналып, пайдаға асырылды);

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.