Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Астананың жасыл белдеуі

29.08.2017, 19:59

Астананың айналасындағы жасыл белдеудің жалпы ауданы 14,8 га құрайды. Қазіргі уақытта онда 11,5 млн-нан артық ағаш пен бұта өсіп жатыр.

1999-2004 жылдары негізінен жапырақты ағаштар егілді. Атап айтқанда, сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, ірі жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде боз жиде, қазақстандық терек, алтын қарақат, ақ көріктал, бессея шиесі, татар бөріжидегі. Соның ішінде жапырақты жыныстар - 98,2%, қылқан жапырақты– 1,8%.

2012-2016 жылдары жобаның бірінші және екінші кезектерін іске асыру кезінде 1,8 млн жуық жабық тамыр жүйесімен 1 323,5 га жерге көшет, 452,1 га көп жылғы шөптер (балды өсімдіктер) отырғызылды. Ағаштардың ұласып өсуінің орташа көрсеткіші 90% құрайды.

2016 жылы «Астананың жасыл белдеуінің аумағында көшеттерді қалпына келтіру мен екінші қабылдаудағы орман жасау. 2-кезек» жобасы бойынша ауданы 291,1 гектар жерге тамыры жабық жүйемен 353 560 көшет егілді, соның ішінде 135 238 – қылқан жапырақты ағаштар, 218 322 – жапырақты ағаштар.

Бүгінгі таңда «Астананың жасыл белдеуінің аумағында көшеттерді қалпына келтіру мен екінші қабылдаудағы орман жасау. 3-кезек» жобасы әзірленді.

Жасыл белдеу аумағында қоян, түлкі, қарсақ, шіл мен қырғауыл мекендейді. Алты жылдың ішінде 8 083 қырғауыл өсірілді. Аң-құстарды одан әрі көбейту және дамыту мақсатында жасыл белдеу аумағына 6 033 аң-құс жіберілген. Қазіргі кезде вольерде 210 аналық құс пен 1800 балапан бар. Қырғауылдар мекендейтін ареалдың мониторингі олардың жыл сайын жасыл белдеу аумағына таралып, табиғатта белсенді көбейіп жатқанын көрсетті.

2015 жылы жасыл белдеуді одан әрі дамыту мақсатында қосымша ауданы 8060 га жер берілсе, 2016 жылы 6084 га жер бөлінеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.