Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жалпы ақпарат

26.09.2016, 20:08

«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру мекемелерінің қызметін бақылау мен басқаруды іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның білім саласындағы және мемлекеттегі білікті кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері: өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, мектептен тыс, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

-  қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес қаланың білім беру жүйесінің қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;

-  білім беру саласындағы мемлекет саясатының принциптері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;

-  оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

-  педагогика қызметкерлерінің әлеуметтік статусын көтеруді қамтамасыз ету.

-  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық санаттағы балалардың құқықтарын іске асырумен байланысты кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;

ББ сайтына сілтеме: http://bilim.astana.kz/

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.