Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қарттар үйі

27.09.2016, 20:59

Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ (бұдан әрі Орталық) – бұл тәжірибесі мол мемлекеттік мекеме, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім бойынша сапалы және кешендік қызмет көрсетуші мемлекеттік мекеме.

Орталықта зейнет жасына жеткен, І және ІІ топтағы мүгедектер мен ұдайы басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж жалғыз басты адамдар тұрады. Біз мекеме 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, ал 2007 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Көктал-1 тұрғын алабында жаңа ғимарат ашылды.

Мекеме қызметінің басым бағыты – бұл осында тұратын адамдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын үнемі жақсарту және қызмет алушылардың әлеуметтік бейімделуін арттыру. Мұнда қарттар толық немесе жартылай қозғалу және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылғандардың тұрақты және уақытша тұруы үшін 400 орын бар, сондай мұнда қиын жағдайларға тап болған адамдар тұрады.

Орталық стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, және күндізгі бөлімше жұмыс жасайды.

Орталық қызметінің мақсаты стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекет кепіл берген егде жастағы және мүгедек азаматтардың құқықтарын іске асыру болып табылады.

ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

1. Мына мекен жайда орналасқан: Астана қаласы, Иманбаев көшесі, 16, № 5 кабинет немесе +7(7172)216-217 телефоны арқылы Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінуге болады.

Өтініштерді қабылдау кестесі және олар бойынша қорытындыларды беру: жұмыс күндері 9:00-17:30 (13:00-14:30 үзіліс).

2. Мемлекеттік нысанда бекітілген стандартқа сәйкес медициналық-әлеуметтік мекемеге өтініш толтыру.

3. Мынадай құжаттар топтамасын дайындау қажет:

Жеке сәйкестендіру нөмірі бар қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері туралы» бұйрығымен бекітілген нысанда мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (нормативтік актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10589 болып тіркелген, (қарттар үшін талап етілмейді);

Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық карта;

Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

Жасы 18 жастан асқан тұлғалар үшін – тұлғаның әрекетке қабілеттілігі жоқ деп танылғаны туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болған жағдайда);

Зейнеткерлер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін, оларға теңестірілгендер – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, оларға теңестірілгендердің мәртебесін растайтын куәліктерінің көшірмесі.

Құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмесі беріледі, содан кейін түпнұсқалары иесіне қайтарылып беріледі.

Барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің алғаны туралы тіркеу датасын көрсетіп түбіртек беріледі, мұнда құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні жазылады.

Арнаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіндер, өз бетінше өзіне қызмет көрсете алмайтын 1,2-ші топтағы мүгедектерге арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар әлеуметтік қызметкердің көмегімен ресімделеді.

4. Медициналық-әлеуметтік мекемеге құжаттары ресімделіп қабылданғаны немесе дәлелді себептермен бас тартқаны туралы ескертуді құжаттар тапсырылғаннан кейін 17 жұмыс күні ішінде алу.

Бас тартуға көрсетілген құжаттардың дұрыс болмағаны ғана негіз болады.

Мекен-жай:

Астана қаласы,

«Көктал-1» тұрғын алабы, Аққорған, 2 к-сі

Әкімшіліктің жұмыс тәртібі:

дүйсенбі - жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін

үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін

демалыс - сенбі, жексенбі

Электрондық мекен-жайымыз:

kenzhe.gumsu@mail.ru

Жұмыс тәртібі: Тәулік бойы

Директордың жеке адамдарды қабылдау кестесі:

жұма 16.00-ден 17.00-ге дейін

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі: +7 (7172) 301-362

Факс: +7 (7172) 301-358

Ресми Интернет-ресурс: www.aleumet-komek.kz

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.