Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үйлер

27.09.2016, 21:04

Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ

Мекемедегі 3 жастан 18 жасқа дейінгі 120 мүгедек-баланы мемлекет қамтамасыз етеді. Күндізгі бөлімде 90 бала. Балалар даму деңгейіне байланысты қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету топтарына бөлінген. Стационар бөлімде 16 топ, күндізгі бөлімде 9 топ. Балаларды топтарға бөліп, бөлімін анықтау нормативтік стандартқа сәйкес жасалады. Дамытып-түзету жұмысы мекеме мамандары әзірлеген баланың жеке даму бағдарламасына сай жүргізіледі.

Мекемеде 60 педагог пен маман жұмыс істейді. Соның ішінде 9-ы жоғары санатағы, 16-сы бірінші санаттағы мамандар.

ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ

Әлеуметтік-медициналық қызмет

Денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру - бала денсаулығының бекуін қамтамасыз етеді. Балаларға мекемеде емдеу жиынтығына енетін медициналық терапия, психологиялық-педагогикалық түзету, әлеуметтік бейімдеу қызметтері атқарылады. Медициналық-педагогикалық әсер арқасында сонымен бірге денсаулығы шектеулі балаларға жекелей қарым-қатынас орнатуда, олардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне, қалыпты динамикасына ұжым жетеді.

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет

Балалардың дамуын ұйымдастыру үшін бейімдеу іс-шаралары, еңбек арқылы емдеу, білім беру қызметінің мәдени және тұрмыстық қызмет етуге арналған барлық жағдайлар гигиеналық нормалар мен талаптарға сай жасалған:

I. жататын бөлме, ойын бөлмесі, жиһаз, жабдықтар, жұмсақ мүліктер, 5 реттік тамақтану, автокөлік.

II.сенсорлық бөлме,Монтессори әдісінің арнайы кабинеті, физиокабинет (ЛФК), логопед, психолог, дефектолог, кабинеттері, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмесі,лекотека, кітапхана, арт-терапия кабинет, музыкалық зал, тігін, ұста шеберханасы, қысқы бақ, ойын, спорт алаңы, дене шынықтыру залы, спорт алаңы.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет

Балалар мекемеде психологиялық жарақат алмайтын жағдайда тұрады. Психологпен өткізілетін жұмыс психологиялық үрдістерді түзету тәртібінің төмендеуі мен оны жеңуге бағытталған. Сенсорлық бөлмеде Монтессори әдістемесімен өткізілетін сабақ балаларға өзін бағалау мүмкіндігін көтеріп, өз күшіне сенуге ықпал етеді.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет

Оқыту – тәрбиелеу үрдісі Алматы, 2004 ж. «ойлау қабілеті төмен балаларға арналған түзетіп-білім беру бағдарламасы» және емдеу жиынтығының орталық моделі бойынша жүзеге асады. Педагогикалық ұжым вариативті, жалпы дамыту, түзету бағдарламаларын өз қалаулары бойынша таңдайды.

Балалар білім алуда және басқа прогрессивті бағдарламаларды қолдануда көптеген мүмкіндіктерге ие. Мысалға:

арт-терапия,еңбек терапиясы,агротерапия,кинезиотерапия,гарденотерапия,акватерапия,изотерапия,эгротерапия

Әлеуметтік –экономикалық қызмет

Мүгедек балаларға көмек көрсету және тұрғылықты жағдайын жақсарту қаражаттары мен басқа да төлемдерді алуда мекеменің білікті экономистері үлес қосады.

Әлеуметтік – құқықтық қызметтер

Арнайы әлеуметтік қызмет сұрақтары бойынша және басқа да әр түрлі заңдылық мағынасы бар құжаттарды рәсімдеу, заңгерлік кеңес беру бағытында мекеме заңгері көмек көрсетеді.

Әлеуметтік – мәдени қызметтер

Жоспарға сәйкес мекемеде мейрамдар мен әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Балалардың шығармашылық жағынан дамуы үшін әр түрлі үйірмелер «Саз пластикасы», «Бисермен жұмыс», «Қағаз пластикасы», «Жас актер» және т.б жұмыс істейді. Біздің балалар мәдени жалпы іс-шараларға театр, көрме, парк, концерт, цирк, кинотеатрларға барып ат салысады.

  Әлеуметтік – еңбек қызметтер

Мекемеде балалардың еңбек дағдылары мен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тігін және ұста шеберханаларында, қысқы бақта балалар ұжымда еңбек ету дағдылары мен қабілеттерін алып, өз еңбектерінің нәтижесін көруге үйренеді.

Мекен-жай:

Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, 010000, Манас көшесі, 19

тел./факс: + 7 (7172) 491 586
e-mail: info@nurlyzhurek.kz

Директор:
Бөпежанов Серік Елемесұлы
e-mail: serik_bupezhanov@mail.ru

Ресми Интернет- Ресурс: www.nurlyzhurek.kz

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.