Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Оңалту және қалпына келтіру, әлеуметтік бейімдеу

27.09.2016, 21:09

Бұл мекеменің құрылуының негізгі мақсаттары: белгілі тұрағы жоқ, кәсібі мен тіршілік етуге қаржысы жоқ тұлғаларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмектер көрсету, сонымен қатар Астана қаласында криминогендік жағдайды қысқарту мен санитарлық-эпидемиологиялық, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. 

Орталық қызметкерлері қызмет алушылармен ресоциализация туралы шарт жасасады.

Орталық қызметкерлері әрбір қызмет алушыға тіркеу картасын толтырады, электрондық картотекада жүргізіліп жатқан оңалту іс-шараларының нәтижелерін әр тоқсан бойы тіркейді.

Сонымен қатар, келушілер үшін 50 төсек-орындық түнгі бөлім ашылды, осыған байланысты ғимараттың бір корпусының бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлек шығар есікпен жабдықталған санитарлық реттеу бөлмесі ұйымдастырылды.

Түнгі келушілер бөлімі мен әлеуметтік патрульдің мобильді қызметімен келесідей әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетіледі: бастапқы медициналық қарау және бастапқы санитарлық өңдеу өткізу, дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Үй-күйі жоқ азаматтарға түнгі келушілер бөлімінде жаз мезгілінде түнгі уақытта сағат 2100-ден 900-ге дейін ал қыс мезгілінде сағат 1800-ден 1000-ға дейін төсек орын беріледі, сонымен қатар бөлімде азаматтарға ыстық шай беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Орталыққа келіп түскен ақпаратты жедел түрде өңдеу үшін қызметкерлер үшін барлық бөлімдерде бірлескен желі орнатылған. Орталықтың белгісі жасалып, барлық автокөліктерге, патруль қызметінің қызметкерлерінің арнайы киімдеріне жапсырылды. Стандартқа сәйкес шағымдар мен ұсыныстар кітабы ашылды, уақытша болу ұйымының басшысы оны әр апта сайын, ал уәкілетті органдар ай сайын тексереді. Орталықтың қызмет алушыларының арасында тұру жағдайлары мен тамақтандыруды оңтайландыруға қатысты сауалнамалар өткізіледі.

Қызмет алушылардың психологиялық және моральдық әл-ауқатын қалпына келтіру үшін Орталықта психологиялық жеңілдену үшін сенсорлық бөлме, кітапхана, қызмет алушылардың арасында мерекелік іс-шаралар өткізу үшін музыкалық аспаптармен жабдықталған мәжіліс залы, сонымен қатар 4 жаттығу құрылғысымен СӨС (салауатты өмір салты) бөлмесі жұмыс істейді.

Орталықта «Әлеуметтік патруль» мобильді қызметінің жұмысы ұйымдастырылды.

Мобильді қызмет диспетчері Астана қаласының Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары бойынша полицияның тірек пункттерімен, «Астана қаласының әлеуметтік – медециналық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, Астана қаласының ІІД қабылдау-тарату мекемесімен, сондай-ақ Астана қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасымен тығыз байланыс орнатады.

Үй-күйі жоқ тұлғалардың топталған жерлерін болжаумен (теміржол және автовокзал, Технопарк, базар және сауда үйлері, қала саябақтары мен діни мекемелерінің маңайы) рейдке шығу бағдары әзірленеді.

Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріндегі Әлеуметтік бейімдеу орталықтарымен, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елшіліктерімен байланыс орнатылған.

Орталықта әлеуметтік–еңбекке бейімдеу мақсатында екі өндірістік шеберхана (тігін және ағаш) жұмыс істейді.

Қызметтер

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге мыналар жатады:
 1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
 2) төсек-орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен және iш киiммен қамтамасыз ету (осы стандартқа 4-қосымша). Бiр жылдың iшiнде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттiгiне қарай iш киiммен қамтамасыз етiледi;
 3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтiруге жәрдемдесу;
 4) жүрiп-тұруы қиын және өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз қарттар мен мүгедектердiң болуына жағдай жасау;
 5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнiндегі қызметтерді ұсыну;
 6) iш киiм, киiм, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;
 7) тұрмыста өз-өзiне қызмет көрсету үшiн жағдай жасау (жеке киiмдерi мен киiмдерiн жуу, кептiру, үтiктеу);
 8) санитарлық-гигиеналық процедураларды (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жасау үшiн жағдай жасау;
 9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жерiне дейiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жерiне жөнелтуге жәрдемдесу. Жүрiп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жерiне дейiн еріне баратын адаммен қамтамасыз етедi;
 10) тұратын жерi бойынша тiркеу үшiн құжаттар рәсiмдеуге жәрдемдесу;
 11) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызметтер көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;
 12) емдеу, оқу үшiн қызмет алушыларды тасымалдауға көлiк қызметiн ұсыну;
 13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде) көрсетiлетiн әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтерге мыналар жатады:
 1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
 2) төсек-орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
 3) iш киiм, киiм, төсек-орын жабдықтарын залалсыздандыру;
 4) санитарлық-гигиеналық процедураларды (душ немесе ванна бөлмелерi, санитарлық тораптар) жасау үшiн жағдай жасау.

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметтерге мыналар жатады:
 1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;
 2) дәрiгерге дейiнгі медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және iлесiп жүруге жәрдемдесу;
 3) медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жiберу үшiн құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
 4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
 5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
 6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi – ОЖБ) сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық ем алуға жәрдемдесу;
 7) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;
 8) емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргiзу.

Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде), сондай-ақ әлеуметтiк патруль мобильді қызметтерi мынадай әлеуметтiк-медициналық қызметтер көрсетедi:
 1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргiзу;
 2) дәрiгерге дейiнгі көмек көрсету.

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтерге мыналар жатады:
 1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
 2) әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi бақылау);
 3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
 4) психологиялық консультация беру;
 5) шұғыл психологиялық көмек;
 6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде сөйлесу, әңгiмелесу, тыңдау, көңiлiн көтеру, белсендiлiкке ынталандыру;
 7) психологиялық тренингтер;
 8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
 9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткiзу.

Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушыларға көрсетiлетiн әлеуметтiк-еңбек қызметтерiне мыналар жатады:
 1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
 2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
 3) кәсiби бағдарлау;
 4) бейiнiне қарай еңбек дағдыларын қалыптастыру;
 5) қызмет алушыларды қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге жәрдемдесу.

Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-мәдени қызметтерге мыналар жатады:
 1) мерекелер мен тынығу iс-шараларын ұйымдастыру;
 2) клуб пен үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
 3) қызмет алушыларды тынығу iс-шараларына, мәдени-патриоттық iс-шараларға қатысуға тарту.
Түнде болу үйлерiнде (бөлiмшелерiнде), әлеуметтiк патруль мобильді қызметi қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтерге мыналар жатады:
1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», 1999 жылғы 5 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы», 2001 жылғы 17 шiлдедегi «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тиісті жеңiлдiктер, өтемақылар, алименттер мен басқа да төлемдер алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.

Уақытша болу ұйымдарында көрсетiлетiн әлеуметтiк-құқықтық қызметтерге мыналар жатады:
 1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлiк консультация беру;
 2) заңды мәнi бар құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;
 3) қарт адамдар мен мүгедектердi халықты әлеуметтiк қорғаудың стационарлық мекемелерiне орналастыруға қажеттi құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдесу;
 4) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiш дайындауға және беруге көмек көрсету;
 5) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.

Байланыс телефондары

Директор:

+7 (7172) 53-16-73

Директордың орынбасары:

+7 (7172) 53-16-18

Директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары:

+7 (7172) 53-17-91

Қабылдау бөлімі:

+7 (7172) 53-16-48; факс +7 (7172) 53-16-11

Әлеуметтік патруль мобильді қызметінің диспетчері:

+7 (7172) 53-18-24

E-mail:

centr_08_01@mail.ru

Мекен-жайы:

Астана қаласы Чехоев көшесі, 14 А

Ресми Интернет-ресурс: www.pomosh01.kz

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.