Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Мүгедектерді қолдауға арналған бағдарламалар

27.09.2016, 21:16

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлға жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

- кресло-арбамен;

- протездік ортопедиалық бұйымдармен;

- тифлотехникалық және сурдотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен;

- шипажай-курорттық емдеумен;

- жеке көмекшінің қызметімен;

- ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілді.

Жыл сайын Мүгедектер күніне орай материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ қалалық жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, тістерін тегін протездеу, жергiлiктi жылытатын жеке меншiк құрылыстарда тұратын мүгедектерге көмір сатып алуға өтемақы беріледі.

Елордада 2010 жылдан бастап жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі (қазіргі уақытта 18 «Инватакси» автокөлігі, оның ішінде 5 - арбадағы мүгедектерге арналған, 7 - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, № 65 мектеп, 6 - көзі көрмейтін мүгедектерді тасымалдауға арналған) ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2015 жылдың сәуірінен бастап бес рет тамақтандырумен 540 керует-орынға арналған Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы қызмет етіп келеді. Орталық Қатаркөл өзенінің жағалауында Шучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық таза орман алқабында орналасқан.

2015 жылдың қазан айынан бастап алғаш рет жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35% төлеу және ең төменгі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25% төлеу арқылы шипажайлық-курорттық емделу қызметтері ұсынылады.

Қызметті алушы жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтініш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

  1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

  2) қызмет түрін көрсетуге сәйкес басқа құжаттардың көшірмелері;

  3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат(мекен-жай анықтамасы не ауыл және/не ауылдық округ әкімдерінің анықтамасы);

  4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмелері;

  5) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш тапсырған кезде - оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

Аталған құралдардың немесе қызметтердің біреуі ұсынылған жағдайда, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіну қажет. Мекеменің мекен-жайы: Ш.Иманбаева көшесі, 16-үй, 9-каб., 10-каб., т.21-09-48, 21-65-09.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.