Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қаңғыбас жануарларды бақылау

27.09.2016, 22:07

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою. Астана қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №448/62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешімімен бекітілген қағида негізінде жүргізіледі.

Қаңғыбас ит пен мысықтарды ұстау, уақытша ұстау және жою жұмыстарын ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК арнайы мекемесі іске асырады.

Қала бойынша арнайы автвкөлікпен 3 бригада жұмыс істейді. Күнделікті Астана қаласының тұрғындарынан «051 қызметіне» келіп түсетін өтініштермен жұмыстар жүргізіледі.

Рұқсат берілген аулау құралдарына мыналар жатады: ілгіштер, қарулар, жансыздандыратын препараттарды қолдануға болады, жануарларды аулау кезінде өлімге әкелмейтін басқа да құралдар мен бейімдер.

Сұраныс болмаған қаңғыбас жануарлар ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен мамандандырылған мекеменің интернет ресурстарында жарияланған соң 3 күнтізбелік күннен кейін жойылады. Қаңғыбас жануарлар алдымен медикаментоздық жолмен ҚР Заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандырылады.

Қаңғыбас жануарлар базаның ауру жануарларды кремациялауға арналған пешінде жойылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.