Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жастарды жұмысқа орналастыру

27.09.2016, 22:36

Астана қ. жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерінде жас ұрпақты кәсіби бағдарлауға баса назар аударады. 

Кәсіби бағдарлау және жұмыс мамандықтарын насихаттау бойынша «Менің дұрыс таңдауым» шаралар кешені аясында 2014- жылдан бері қаланың барлық жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларының арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарына («Цесна-Астық» Концерні» АҚ, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «ПК ЦЕЛИНГИДРОМАШ» компаниясы, «СтальЦинк» зауыты және т.б. )экскурсиялар және жұмыс мамандықтарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы еңбек нарығында аса сұранысқа ие техникалық және жұмыс мамандықтар бойынша оқуға түсуге ниет білдірген мектеп түлектерінің саны айтарлықтай артты.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша аса қажет мамандардың рейтингі анықталды:

Сонымен бірге, «Жасыл ел және СҚО» бағдарламасының тиімділігі көп, оның аясында жыл сайын мыңнан аса студент құрылыс және қаланы көгалдандыру жұмыстарына жіберіледі.2015 жылы аталған бағдарламаның шеңберінде 1500-ден аса жас «Базис-А», «Астана орманы», «Жасыл Аймақ» және т.б. компанияларға жұмысқа орналастырылды.

«Жасыл ел» жасағының 300 мүшесі ЭКСПО қалашығының құрылысына өз үлестерін қосқанын атап өту керек.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «Астана жастары» КММ Астана қ. Бейбітшілік к-сі, 14, 12 қабат, «MARDEN» БО (бұрынғы «Шахназ» БО) мекен-жайы бойынша хабарласуға болады. Телефондар:  жұмысқа орналастыру бөлімі - 76-86-83, қабылдау бөлмесі - 76-86-88, немесе Басқармаға Астана қ., «Сарыарқа» ауд., Ы. Дүкенұлык-сі, 23/1, 2 қабат мекен жайы бойынша.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.