Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Ерікті қызмет

27.09.2016, 22:39

Басқарма мақсаттарының бірі жастарды ерікті қызметке тарту және жастарды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы ақпараттандыру болып табылады.

 Басты идея – барынша көп еріктіні тарту, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға қатысатын тиімді команданы аз уақыт ішінде қалыптастыру. Бүгінгі күні ЖОО, техникалық және кәсіби оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатарынан еріктілер қалалық шараларға белсенді түрде қатысып, спорттық және шығармашылық шараларды ұйымдастырып жүр.

Басқарманың жанынан «Астана жастары» КММ жастардың ресурстық орталығы құрылды. Аталған орталық қызметінің бір бағыты жастар арасында ерікті қызмет қозғалысын дамыту және қолдау болып табылады. Орталық Еріктілер мектебі арқылы топ жетекшілерін және еріктілерді оқыту бойынша кадрлар дайындаумен айналысады және жастар арасында ерікті қызметті насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Еріктілер мектебіндегі оқу үш сатылы түрде өтеді. 

1.  Тіл білу деңгейін дамыту (қазақ, ағылшын, француз, испан, қытай, араб, неміс, жапон).

2.  ҚР тарихын, маңызды оқиғаларын және Астана қ. көрікті жерлерін зерттеу.

3.  Коммуникативтік дағдыларын дамыту, шет мемлекеттердің ерекшеліктерін зерттеу, психологиялық дайындық. 

Қазіргі уақытта «Астана жастары» КММ 300 белсенді еріктіден команда жасақталды. Ал тіркелген еріктілердің жалпы саны – 1300 адам.

Еріктілер қатарына қосылу мәселелері бойынша Астана қ. Бейбітшілік к-сі, 14, 12 қабат, «MARDEN» БО (бұрынғы «Шахназ» БО) мекен-жайы бойынша хабарласуға болады. Телефондар:  еріктілер қозғалысын дамыту бөлімі/аула клубтары бөлімі - 76-86-89, қабылдау бөлмесі - 76-86-88. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.