Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Елорданы көшіргенге дейін және одан кейін

28.09.2016, 14:27

ҚР ІІМ 2015 жылдың 10 сәуіріндегі № 332 бұйрығының мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес азаматтарға Астана қаласына көшпес бұрын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу керек емес, қолыңызда жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы, егер бар болса төлқұжат болуы қажет.

Елордаға көшіп келгеннен кейін азаматтар:

-  10 тәуліктің ішінде мекен-жайы бойынша аумақтық ХҚКО тіркелуі қажет. Ол үшін үй иесі және екі тараптың жеке куәліктері (үй иесі мен тіркелушінің), тұрғын үйге құқықты белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары керек.

-  Халыққа қызмет көрсету орталығында үй иесі тіркелушіні тіркеу бойынша жазбаша өтініш білдіреді (ешқандай құжаттың көшірмесі талап етілмейді);

-  Тіркелуші өз атынан 1 АЕК-тің 10% мөлшерінде КБК 108126 мемлекеттік баж төлейді.

-  Содан кейін тіркеуші мен тіркелуші ХҚКО-ның кезекте тұру талоны бойынша шақырылған орынға барып, тіркеледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.