Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жоспарлау

28.09.2016, 15:00

Астана қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес, қала аумағы 71014 га, соның ішінде құрылыс жүргізілетін аумақ - 36 235 га,табиғи-ландшафтты аумақ - 34 779 га құрайды.

Аумақтарда жүргізіліп жатқан құрылыстардың кезеңдері мынадай:

2020 жылға дейінгі игеру аумағы – 4805 га, соның ішінде:

  - Мыңжылдық аллеясының батысындағы аудан;

  - Орынбор көшесінің оңтүстігіндегі аумақ;

  - Тұран даңғылының батысындағы аумақ және т.б.

  (сур. 2020-2025) 2025 жылға дейінгі игеру аумағы – 5245 га, соның ішінде:

  - қалаға кіретін магистральдар бойындағы аумақ- Қостанай, Қорғалжын, Қосшы, Майбалық, Қарағанды, Ерейментау.

2030 жылға дейін игерілетін қалған аумақ – 3023 га, резервтен басқа – 2492 га, соның ішінде теміржол магистралінің солтүстігіндегі аумақ - 5761 га жер қалпына келтіріледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.