Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жерлерді заңсыз басып алу

23.08.2017, 21:53

Жер учаскелерін өз бетінше басып алу және заңсыз құрылыс жүргізу фактілерін жедел түрде анықтау үшін Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен қала әкімдігінде құрамын бақылаушы органдардың, сондай-ақ прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері енген жұмыс тобы құрылды.

Сонымен қатар, елорданың аудандарында аудан әкімі аппараттарының, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылған мобильді топтар жұмыс істейді.

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарсыз бөлінген жер учаскелеріне іргелес аумақты қоршау (оларға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі) арқылы мемлекеттік меншіктің жерге деген құқығын бұзу (берілген жердің шегінен асып кететін және мемлекетке тиесілі аумақтағы жерлерді қамтитын қоршаулар салу) жағдайлары анықталды.

Негізінен, 2005-2007 жж пайда болған Өндіріс, Кирпичный аудандарында, Щебсклад бақша қоғамының аумақтарында тұрғын үйлер өз бетінше салынады.

Үйлерді өз бетінше салу жағдайларын одан әрі болдырмау мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, адамдар қалыптасқан жағдайды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпараттандырылады.

Сонымен қатар, қаланың үш ауданында заңсыз тұрғызылған уақытша нысандарды (павильондар (дүңгіршектер), контейнерлер, металл гараждар, шина жөндеу цехтары және т.б.) бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері жұмыс топтарының күшімен 460 уақытша нысан алынып, қала сыртына шығарылды, соның ішінде аудандар бойынша: «Алматы» - 321, «Есіл» - 19, «Сарыарқа» - 120.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.