Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласының әкімдігі бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат

28.09.2016, 15:54

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласының әкімдігі бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелермен және Астана қаласы әкімдігінің кәсіпорындарымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жоспарланған бюджет қаржысының көлемі 148 742,8 млн теңгені құрайды.

Барлығы 140 539,4 млн теңгені құрайтын 27 249 мемлекеттік сатып алу келісім-шарты жасалды.

Соның ішінде:

Конкурс арқылы - 1 646 келісім-шарт, 32 197,4 млнтеңге көлемінде;

Бір көзден алу тәсілімен – 3 147келісім-шарт, 60 352,7 млн теңге көлемінде;

Баға ұсыныстарын сұрау әдісімен – 6 665келісім-шарт, 3 303,6 млн теңге көлемінде;

Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 16 500келісім-шарт, 43 081,7 млн теңге көлемінде;

Аукцион арқылы – 78келісім-шарт, 1 709,2 млн теңге көлемінде.

Өткізілген сатып алулардан шартты үнемдеу 8 203,5 млнтеңгені құрайды.

Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарлары, сатып алуларды өткізу туралы хабарландырулар, сондай-ақ Астана қаласының білім мекемелерімен жасалған келісім-шарттар бойынша ақпаратwww.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастырылды. 

Астана қаласының әкімдігі коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдауға) бойынша міндеттерді орындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес орынжайлар төменде көрсетілген жағдайлардан басқа кезде электрондық форматта тендер өткізу арқылы мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беріледі:

1) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге білім беру ұйымдарының, ғылым, мәдениет және спорттық ұйымдардың үй-жайларын беру;

2) кандидатқа, саяси партияға не олардың сенiм бiлдiрген адамдарына сайлаушылармен кездесулер өткiзу және сайлау алдындағы үгiттер жүргізу үшін үй-жайлар беру;

3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызметтер көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (ауданына қарамастан) мен жабдықтар беру;

4) ауданы жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны 150 еселік айлық есептік көрсеткіштенаспайтын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы) беру;

5) банкоматтар мен мультикассалар орнатуға арналған алаңдар беру;

6) Ұлттық почта операторының ауылдарда, ауылдық округтерде қызметін жүзеге асыру үшін;

7) аудандық коммуналдық меншікке жататын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген объектілерді беру;

8) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге үй-жайлар (олардың алаңына қарамастан) мен жабдықтар (олардың құнына қарамастан) беруді қоспағанда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер негізінде жүргізіледі.

Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша өтінімнің негізінде объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылады.

Өтінім мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың) және жарғының көшірмелерін;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін) көшірмелерін, тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қоса бере отырып;

3) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттарын, не көрсетілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен электрондық нысанда тізілімнің gosreestr.kz веб-порталында ресімделеді.

Бірақ, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, жалға беруші осы объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуды) беруді тендер өткізу арқылы жүзеге асырады.

Объектілерді мүліктік жалдауға беруге (алуға) тапсыру тендері (www.gosreestr.kz) веб-порталының  реестрін қолдану арқылы электронды  түрде жүзеге асырылады.

Gosreestr.kz веб-порталының жұмысы бойынша толық ақпарат алу үшін + 7 (7172) 552981 телефоны бойынша Call-орталыққа немесе +(7172) 550173 телефоны бойынша «Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ хабарласуға болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.