Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Smart tickets

28.09.2016, 19:26

Smart Tickets мақсаты – сатуды автоматтандыру арқылы Астана қаласында мәдени және спорттық шараларға билеттер сатып алу үшін қолжетімділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау. 

«Smart tickets» жобасын жүзеге асыру халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, елорда тұрғындары мен қонақтарына кассаға баратын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығын қамтамасыз етеді. 

Жоба Астана қаласы әкімдігіне қарасты мәдени және спорттық мекемелер таңдалды. 

2015 жылы «Smart tickets» жүйесіне 11 мәдени нысан қосылды. 

Қаладағы басқа да нысандарды (кинотеатрларды) қосу жоспарланған. Сонымен қатар, бірыңғай билет жасау көзделген, онда туристер үшін туристік пакет, кез келген мәдени, спорттық мекемелер мен музейлерге бару мүмкіндігі қарастырылады. 

Нәтижесінде:

- Гаджеттерді пайдаланудың арқасында билет сату 30% артады;

- Мәдени және спорт мекемелерінің кассаларына баратын уақыт үнемделеді;

- мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығы қамтамасыз етіледі;

- Мәдени және спорт мекемелердің қаржылық көрсеткіштері мен адамдардың баруы бойынша сараптамалық есептің кез келген нысанын қалыптастыруға болады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.