Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Визалар

28.09.2016, 19:28

Қазақстанда кейбір елдермен визалық режим қарастырылмаған – Сізге Қазақстанға арнайы рұқсатсыз еркін түрде келуге болады. Түрікменстаннан басқа, ТМД елдерінің азаматтары үшін визаның қажеті жоқ. Сондай-ақ, Монғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтарынан да виза талап етілмейді.

Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония азаматтары 2015 жылғы 16 шілдеден бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде (Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу уақыты) мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 15 күнтізбелік күнге дейін Қазақстанға визасыз келе алады.

Көптеген елдермен виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылған. Демек, сіз Қазақстан елшілігіне келіп, виза алу үшін сауалнама ғана толтырасыз. Бұл жағдайда сізге – рұқсат, шақыру, туристік ваучерлер, қонақүйлерде бронь жасау, және т.б. қосымша құжаттардың қажеті жоқ.

Егер сіздің еліңізбен виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылмаған болса, онда визалық қолдау – шетелдік мемлекетке келуге ресми шақыру болған кезде ғана виза алу мүмкін болады. Сізге қабылдаушы тараптың келісімін алу қажет. Қазақстандағы кез келген туристтік агенттікке жүгіну арқылы, сіз өз бетіңізбен шақыру рәсімдей аласыз. Дипломаттық өкілдікке жүгіну арқылы, немесе өз еліңіздегі туристтік агенттіктің қызметтерін пайдалану арқылы, сіз өз бетіңізбен виза ала аласыз. Егер сіздің елде Қазақстанның дипломаттық өкілдігі жоқ болса, сіз Ресей Федерациясының дипломаттық өкілдігіне ақпарат алу және визалық қолдау үшін жүгіне аласыз.

Сондай-ақ, шетел азаматтарын тіркеу қағидалары бар. Тіркеу кезінде арнайы талон беріледі, немесе төлқұжатқа мөртабан қойылады. Кейде тіркеу талап етілмейді (үкіметтің өкімдеріне, арнайы жарлықтарына, жеңілдетілген визалық режімдерге және т.б. сәйкес), Қазақстанға кіргенде шекаралық қызметтің жергілікті өкілдерінен сізге келген жерде тіркеуді рәсімдеу керек пе деген сұрақты міндетті түрде нақтылап сұрап алыңыз. Кейбір елдердің азаматтары үшін бұны 72 сағат ішінде жасау керек. Тіркеу үшін төлқұжатта Қазақстан шекарасынан кесіп өткені туралы белгі керек, немесе сіз Қазақстанға келген билеттердің көшірмесі қажет. Ел ішінде жүріп-тұру еркін, Қазақстанның басқа қалаларына барған кезде қосымша тіркеуден өтудің қажеті жоқ.

Төлқұжаттың түрлері бойынша визасыз режим туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттер ТІЗІМІ

Мемлекет Дипломатиялық төлқұжат Қызметтік төлқұжат Ұлттық төлқұжат Визасыз болу мерзімі Күшіне енеді
ТМД мемлекеттері
1.  
*Әзербайжан Республикасы
визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін *Әзербайжан азаматтары үшін 30 күнге дейін 23.04.2010 ж.
2. Қырғыз Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 07.06.2002 ж.
3. Армения Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 28.04.2008 ж.
4. Беларусь Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 07.06.2002 ж.
5. Грузия Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 21.06.2007 ж.
6. Молдова Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 05.01.2007 ж.
7. *Тәжікстан Республикасы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін *Тәжікстан
азаматтары үшін 30 күнге дейін
07.06.2002 ж.
8.  
*Өзбекстан Республикасы
визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін *Өзбекстан
азаматтары үшін 30 күнге дейін
26.06.2003 ж.
9. Ресей Федерациясы визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 07.06.2002 ж.
10. Түркменстан визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 20.02.2002 ж.
11. Украина визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 27.02.2002 ж.
Еуропа және Америка мемлекеттері
12. Аргентина Республикасы визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 01.11.2014 ж.
13. Босния және Герцеговина визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 05.07.2012 ж.
14. Венгер Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 06.11.1996 ж.
15. Грекия Республикасы визасыз виза 90 күнге дейін 90 күнге дейін 04.07.2013 ж.
16. Италия Республикасы визасыз виза 90 күнге дейін 90 күнге дейін 07.05.2010 ж.
17. Дания Корольдігі визасыз виза 90 күнге дейін 90 күнге дейін 26.11.2010 ж.
18. Испания Корольдігі визасыз виза виза 90 күнге дейін 31.08.2010 ж.
19. Латвия Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 4.02.2016 ж.
20. Литва Республикасы визасыз виза виза 6 айдың ішінде 90 күнге дейін 17.05.2012 ж.
21. Мексика Құрама Штаттары визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 31.12.2014 ж.
22. Португалия Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 08.03.2013ж.
23. Болгария Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 14.05.2010 ж.
24. Кипр Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 16.03.2011ж.
25. Куба Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 10.01.2005 ж.
26. Македония Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 10.08.2011 ж.
27. Польша Республикасы визасыз виза виза 30 күнге дейін 31.07.2008 ж.
28. Сербия Республикасы визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 28.05.2011 ж.
29. Словения Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 05.06.2010 ж.
30. Хорватия Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 21.05.2009 ж.
31. Чили Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 23.05.2015 ж.
32. Румыния визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 22.08.2001 ж.
33. Святой Престол (Ватикан мемлекеті) визасыз виза виза 90 күнге дейін 19.09.2013 ж.
34. Словакия Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 17.04.1998 ж.
35. Түркия Республикасы визасыз визасыз визасыз 30 күнге дейін 02.04.1992 ж.
36. Бразилия Федеративті Республикасы визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 31.12.2014 ж.
37. Германия Федеративті Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 26.04.2012 ж.
38. Финляндия Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 22.10.2013 ж.
39. Франция Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 01.03.2010 ж.
40. Черногория визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 25.04.2016 ж.
41. Эстония Республикасы визасыз виза виза 90 күнге дейін 24.02.2010 ж.
Азия мен Африка елдері
42. Мысыр Араб Республикасы визасыз виза виза 30 күнге дейін 21.05.2008 ж.
43. Израиль мемлекеті визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 11.05.2010 ж.
44. Катар мемлекеті визасыз виза виза 30 күнге дейін 07.04.2016 ж.
45. Иран Ислам Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 24.11.1994 ж.
46. Пәкістан Ислам Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 29.09.1995 ж.
47. Иордания Хашимит Корольдігі визасыз визасыз виза 90 күнге дейін 05.11.2011 ж.
48. Қытай Халық Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 01.02.1994 ж.
49. Монғолия визасыз визасыз визасыз 90 күнге дейін 02.01.1995 ж.
50. Біріккен Араб Әмірліктері визасыз виза виза 90 күнге дейін 12.04.2011 ж.
51. Үндістан Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 04.12.1999 ж.
52. Индонезия Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 26.01.2013 ж.
53. Корея Республикасы визасыз визасыз *визасыз 90 күнге дейін *30 күнге дейін (ұлт. төлқ.) 29.11.2014 ж.
54. Филиппин Республикасы визасыз визасыз *визасыз 30 күнге дейін 28.03.2005 ж. *21.04.2014 ж.
бастап ҚР азаматтары
үшін визасыз (біржақты тәртіпте)
55. Вьетнам Социалистік Республикасы визасыз визасыз виза 30 күнге дейін 11.04.2010 ж.
56. ҚХР Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы визасыз визасыз визасыз 14 күнге дейін 26.07.2012 ж.
Халықаралық ұйымдар
57. БҰҰ - - - 30 күнге дейін 180 күннің ішінде 01.05.2011 ж.
Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.