Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Smart емхана

28.09.2016, 19:32

Жобаның мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.

Жобаның негізгі компоненттері ақпараттық жүйе, өз-өзіне қызмет көрсету терминалы, smart.astana.kzпорталыарқылы онлайн жазылу.

2015 жылғы маусым айында қолданысқа енгізілді, Астана қаласының №4 қалалық емханасында іске қосылды.

Жоба аясында 300 астам жұмыс орны автоматтандырылды, персоналдың ішінен 631 адам оқытылды, жобаның ақпараттық жүйесіне тексерулер хаттамаларының 750 астам түрі жүктелді, жобаның ақпараттық жүйелері арқылы 106 мыңнан артық пациентке қызмет көрсетілді, 2 мыңға жуық пациент дәрігердің қабылдауына ғаламтор мен өз-өзіне қызмет көрсету терминалы арқылы онлайн режимде жазылды.

Жобаның нәтижелері:

-  Емхана дәрігерінің пациентке қызмет көрсету уақытын 10 минутқа дейін азайту;

-  Емхананың тіркеу бөлімінде кезекті 30% қысқарту;

-  Диагностикалық зерттеулердің жеделдігі мен ақпараттылығын кем дегенде 85% арттыру, медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу.

Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық емханаларын қамту жоспарланған.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.