Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Байланыс

28.09.2016, 19:37

Егер сіз ұзақ уақыт бойы Астанада болсаңыз, әсіресе қалаға бизнес шаруасына байланысты келсеңіз, ылғи да байланыста болуға тура келеді. Мұндайда жергілікті ұялы байланыс операторының SIM-картасын сатып алған ыңғайлы. 4 негізгі ойыншы барлық заманауи байланыс қызметтерін ұсынады, сондай-ақ 3G және LTE технологиясы арқылы ғаламторға кіруге жағдай жасайды. Қызметтер мен олардың ақысы үнемі өзгеріп отырады, оның бәрі сіздің қажеттілігіңізге байланысты. Сондықтан өзіңізге қолайлы біреуін таңдауыңызға болады. Ең бастысы, белгілі бір компанияның кеңсесіне барарда жаңа ережелер мен заңдарға сәйкес төлқұжатыңызды алуды ұмытпаңыз. Жақын бөлімшенің мекенжайын операторлардың ресми сайтынан таба аласыз.


Kcell

«Кселл» АҚ скандинавиялық «TeliaSonera»телекоммуникация холдингінің құрамына кіреді. Компания 199 жылдың қаңтарынан бастап Kcell сауда маркасымен ұялы байланыс қызметін көрсете бастады. Ал сол жылдың қыркүйегінде нарыққа Activ ұялы байланыс бренді шықты.

Сайтыkcell.kz


Beeline

Beeline қазақстандықтарға ұялы және белгіленген телефония, халықаралық, қалааралық байланыс, мәліметтерді жіберу, ғаламторға оптоволокондық технология базасы арқылы кіруге мүмкіндік алу, Wi-Fi және үшінші буындағы 3G желісі қызметтерін ұсынады.

Сайтыbeeline.kz


TELE 2

Қазақстан Республикасында Tele2 2010 жылы жергілікті байланыс операторын сату келісімін аяқтаған соң пайда болды. КомпанияныTele2 бизнес топтарына біріктіру аяқталған соң құрылғыларын 3G ұстайтын заманауи құрылғыларға ауыстырып, өнімдік қоржынын және маркетингтік платформасын жаңартқан желі Tele2 брендімен жұмыс істей бастады.

Сайтыtele2.kz


Altel

«Қазақтелекомның» еншілес кәсіпорны ҚР бірінші республикалық ұялы байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2010 жылы «АЛТЕЛ» республикамызда бірінші болып 3G ғаламторын енгізді, ал 2012 жылы Қазақстанда ALTEL 4G брендімен LTE технологиясы алғаш рет жүзеге асырылды.

Сайтыaltel.kz

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.