Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Smart көше жарығы

28.09.2016, 19:42

Мақсаты – көшелердегі жарықтандыру құралдарын қуаттылықты реттеуіштермен жабдықтау арқылы көшені жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету, көшені жарықтандыруға жұмсалатын эксплуатациялық шығындарды азайту.

2015 жылы маусым айында Астана қаласының Есіл ауданы Еңбекшлер көшесінде қолданысқа енгізілді.

Жоба аясында 43 ескі натрий шамдар жаңажарық диодты шамдарға ауыстырылды, көшені жарықтандыру мен саябақтарды жарықтандыру объектілері тексерілді (жалпы қалада көшен жарықтандыратын 30 177 шам және 17 542 саябақты жарықтандыратын шам орнатылған).

Нәтижесінде электр энергиясын үнемдеу 50% жетті немесе өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244 мың теңгені құрады (пилоттық жобаны іске асырғанға дейін – 52 310 кВт электр қуаты, пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін – 24 792 кВт).

Жобаның тиімділігі:

-  Шамдарды алыстан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әр шамның жағдайы туралы бөлек мәлімет алу;

-  әр шамға түсетін жүктемені басқару;

-  өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын 51% артық үнемдеуге қол жеткізу.

-  Алыстан мониторинг жасау мен бақылаудың есебінен эксплуатациялық шығындарды азайту, сондай-ақ, бригадалардың шығуын қысқарту;

-  Шамдардың құрамында зиянды заттар (сынап) болмағандықтан, оларды арнайы пайдаға асыру қажет емес;

-  Смартфонның, планшеттің көмегімен онлайн режимде жарықтандыруды алыстан басқару.

Жоба аясында ЖМӘ моделі бойынша көшені жарықтандырудағы 47 мың натрий шамын қазіргі заманғы және қауіпсіз жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарланған. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.