Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Smart мектеп

28.09.2016, 19:47

Жобаның мақсаты Астана қаласының мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мектеп процесстерін автоматтандыру болып табылады. 

Негізгі компоненттері: қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ), бейнебақылау, e-асхана, е-кітапхана және жеке кабинет.

2015 жылы маусым айында қолданысқа енгізілді, «№3 мектеп-гимназия» ММ және «№15 мектеп-лицей» ММ іске асырылып келеді. 

ҚББЖ модулі мектепке кіргенде оқушылардың барлығын есепке алуға мүмкіндік береді және бөтен адамдардың кіруіне шектеу қояды. 

Жобаны іске асырудың нәтижелері:

- мектепте оқушылардың қауіпсіздік деңгейін 85% арттыру;

- бөтен адамдардың мектепке кіру жағдайларының 90% алдын алу;

- мектептерде штаттан тыс жағдайлардың 75%-ның алдын алу;

- кітапхана қорын есепке алудың 60% астамын автоматтандыру.

Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық мектептерін қамту жоспарланған

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.