Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қалай жетеді

28.09.2016, 19:51

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ

Астана әуежайы тарихы 1930 жылдан басталады. Ақмола қаласында ұшақтардың ұшуына және қонуына арналған шаршы тәріздес алаңы, шағын ғана залы бар, 8 бөлмеден тұратын әуежай салынды.

2002-2005 жылдары әуежайды қайта жаңартудың ауқымды халықаралық жобасы жүзеге асырылды. Әуежай Қазақстан Республикасының астанасының Халықаралық әуежайына айналды. Бүгінгі күні Астана халықаралық әуежайы ІІІА – Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ассоциациясы санатына ие, сондай-ақ ұшу салмағына шектеу қоюсыз әуе кемелерінің барлық түрлеріне – Ил-76, Ан-124, Б747-400F қызмет көрсетеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Астана әуежайына 19 қазақстандық және халықаралық әуе компаниялары ұшады, олар 27 бағытта тікелей рейстер орындайды: Мәскеу, Ташкент, Киев, Минск, Тбилиси, Бішкек, Баку, Қазан, Томск, Новосібір, Омбы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Франкфурт, Амстердам, Бангкок, Вена, Әбу-Даби, Дубай, Стамбул, Бейжің, Анталия, Үрімші, Шарджа, Лондон, Сеул, Париж.

Телефоны:+7 (7172) 70-29-99

Сайтыastanaairport.kz

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ

Елорданың халықаралық вокзалына Қазақстанның барлық ірі қалаларынан және таяу шетелдің ірі қалаларынан пойыздар келеді. Астанадан теміржолмен Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Мәскеу, Ташкент, Киев, Екатеринбург, Новосібір, Үрімші және т.б. қалаларға бара аласыз. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесімен толығырақ сайттан таныса аласыздар.

Билеттерді вокзал кассаларынан, қала ішіндегі билет сату нүктелерінен, сондай-ақ, Қазақстан Темір жолы компаниясының арнайы онлайн-сервисінен сатып ала аласыздар.

Жай пойыздардан басқа, Астанадан испандық «Тальго» жүрдек пойыздары да қатынайды, бұл жолға жұмсалатын уақыттың 50% үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жүрдек пойыздар үш бағытта жүреді: Алматы, Ақтөбе және Петропавл. Жақын арада Қызылорда мен Өскеменге баратын жаңа жүрдек маршруттар ашу жоспарланған.

Мекен жайыГёте к-сі, 1.

Анықтама телефоны:105

Телефоны:+7 (7172) 93-28-40

Онлайн билет сатып алуepay.railways.kz

 «САПАРЖАЙ» АВТОВОКЗАЛЫ

Автовокзал ел астанасы Ақмолаға ауыстырылғанға дейін 8 жыл бұрын Целиноград қаласында 1989 жылы пайдалануға берілген. 2009 - 2013 жылдары ғимараттың ішкі жабдығы мен алды қайта жасалды. Ғимаратты жөндеумен қатар, жұмыс барысының технологиясы да өзгертілді. Енді автовокзал халықаралық автобустарға билет сатып қана қоймай, саяхатшыларға толық қызметтер кешенін де ұсынады. Мұнда демалу бөлмелері, дүкендер, шаштараз, ақша айырбастау пункттері, дәріханалар мен газет дүңгіршектері жұмыс істейді. Билет сатып алу мүмкіндіктері де кеңейді, енді билетті ғаламтор немесе POS-терминалдар арқылы сатып алуға болады.

Күн сайын Астана автовокзалы Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінен, таяу шетелден келген жолаушыларды қабылдайды. Автобустар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Шымкент, Омбы, Бішкек, Барнаул, Екатеринбург және т.б. жүреді. Кестемен автовокзалдың сайтынан толығырақ танысуға болады.

Жолаушылар тасымалы қызметін пайдалануға ниетті жолаушылар билетті мына жерде онлайн сервис арқылы сатып ала алады.

Мекенжайы: Гёте к-сі, 5.

Телефоны:+7 (7172) 38-11-35

Сайт және онлайн билет сатып алуsaparzhai.kz

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.