Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

28.09.2016, 20:13

«Астана Innovations» АҚ жанында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (ИҚКО) жұмыс істейді.

ИҚКО инвесторлар үшін бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, оның қызметінің басты бағыттары: инвесторларды іздеу, инвесторларға сервистік қолдау көрсету, инвесторларды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдарын интеграциялау, инвесторларға құқықтық қолдау көрсету, шетелдік инвестицияларды қорғауда қолдау көрсету.

Сонымен қатар, ИҚКО шетелдік азаматтардың заңды тұлғасын тіркеуде, инвесторлық виза алуда, Астана қаласының аумағында инвестициялық преференцияларды, инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған гранттарды алуда, «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушысы ретінде тіркеуге тұру үшін құжаттарды жинақтауда қолдау көрсетеді, қазақстандық және шетелдік тараптар үшін әріптестер іздеумен айналысады, аймақтық деңгейде инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешуге қатысады, инвесторлардың мүдделерін қорғайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.