Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Астана – жаңа қала» АЭА

28.09.2016, 20:15

Арнайы экономикалық аймақтар экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы, инвестициялар тарту және өнім өндіру көрсеткіші жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және заманауи технологияларды тарту мақсатында құрылады.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2001 жылы құрылған. «Астана – жаңа қала» АЭА-ның белгіленген негізгі мақсаттары:

- елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысын жеделдету;

- Индустриялық паркте жаңа өндірістерді ашу.

Алға қойылған мақсаттарды шешу келесі негізде жүзеге асырылуда:

• шетелдік инвестицияларды тарту;

• жаңа технологияларды, шетелдің озық тәжірибесін тарта отырып, мемлекеттік, коммерциялық және шетелдік капиталды біріктіру және кешенді пайдалану арқылы экономиканы қарқынды дамыту;

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін АЭА аумағында қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылды. Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Инвесторларды тарту және Астана қаласындағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес құрылды.

Инвесторлардың басты артықшылықтары:

• нысандар құрылысына және АЭА аумағында жаңа өндірістерді ашуға тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау;

• салықтық және кедендік жеңілдіктер;

• қала құрылысында прогрессивті технологияларды ендіру және заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану мүмкіндігі;

• инженерлік абаттандырылған аумақтарда нысандар құрылысы үшін жер телімдерін бері.

Қазіргі уақытта АЭА-ның аумағы 7634,71 га құрайды, бұл оның бастапқы аумағынан шамамен 7 есеге көп. АЭА құрған кезде оның аумағы 1052 га болған.

АЭА аумағы елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығынан және №1 және №2 Индустриялық парктерінен тұрады.

«Астана – жаңа қала» АЭА Индустриялық паркінің аумағынан жер телімін алу бойынша

Анықтама

1) Ұсынылған жобаның қызметтің басымдықты түрлеріне сәйкестігі:

Жоба «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының Индустриялық паркін құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтік төмендегі басымдықты түрлеріне сәйкес келуге тиіс:

1) басқа металл емес минералдық өнімдердің өндірісі;

2) машиналар және жабдықтар өндірісі;

3) тұрмыстық электр құралдарының өндірісі;

4) рәзенке және пластмасса өнімдерінің өндірісі;

5) химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;

6) металлургиялық өнеркәсіп;

7) электр құрал-жабдықтарының, соның ішінде электр жарықтандыру жабдықтарының өндірісі;

8) жарықтандыру құралдары үшін шыны компоненттерінің өндірісі;

9) тамақ өнімдерінің өндірісі;

10) ағаш массасының және целлюлоза, қағаз және картон өндірісі;

11) жиһаз өндірісі;

12) автокөлік құралдарының, трейлердің және жартылай тіркемелердің өндірісі;

13) теміржол локомотивтерінің және қозғалмалы құрам өндірісі;

14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарының өндірісі;

15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттардың өндірісі;

16) электрондық бөлшектердің өндірісі;

17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі.

2) Астана қаласы әкімінің атына жер телімін бөлу туралы өтініш беру:

Жоба жоғарыда аталған басымдықты қызмет түрлерінің біріне сәйкес келген жағдайда жобаны ұсынушы қажет жер телімінің ауданын және арналған мақсатын көрсете отырып, АЭА аумағынан жер телімін бөлу туралы Астана қаласы әкімінің атынахат жазу керек.

3) Астана қаласы әкімінің атына өтініш бергеннен кейін Астана қаласының Инвестициялар және қаланы дамыту басқармасына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

- өтініш берушінің бірінші басшысының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- сәйкестендіру номері бар құжаттың көшірмесі;

- заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

- арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істеу туралы заңды тұлғаның жоғарғы органы шешімінің көшірмесі;

- өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары және бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған, соңғы есептік күн үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі;

- жобаның уәкілетті орган бекіткен талаптарға жауап беретін техника-экономикалық негіздемесі;

- өтініш берушінің банктік есепшоттары бойынша ақшаның қозғалысы туралы (картотеканың жоқтығы туралы) қызмет көрсетуші банктің көшірмесіжәне өтініш берушінің несиелік тарихы туралы толық немесе бір бөлігі туралы мәліметтер бар несиелік бюродан несиелік есеп ;

- тіркеуге тұру орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық бойынша және бюджетке өзге міндетті төлемдер бойынша қарыздарының жоқтығы туралы анықтама;

- өтініш берушінің қаржылық қамсыздандыруын қуаттайтын құжаттар.

Жоғарыда аталған құжаттарды Астана қаласының Инвестициялар және қаланы дамыту Басқармасының құқықтық жұмыс және құқықтық режимді әкімшілендіру бөліміне тапсыру қажет.

4) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында жобаны қарау:

Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң жобаны ұсынушы таныстырылым материалдарын (электрондық форматта power pointформатында ) әзірлеп, 5 минут регламентпен сөз сөйлеуге тиіс. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына инвестициялық жобаларды іріктеу жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жобаны Индустриялық парктің аумағында жүзеге асыру туралы хаттамалық шешім шығарылады.

Оң шешім қабылданған жағдайда, жер телімін рәсімдеу үшін хаттаманың көшірмесі «Астана қ. Сәулет және қала құрылысы Басқармасы» ММ, «Астана қ. Жер қатынастары Басқармасы»  ММ жіберіледі.

Одан ары «Астана қаласының Инвестициялар және қаланы дамыту Басқармасы»  ММ-імен «Астана – жаңа қала» АЭА-ның қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы келісімге қол қою процедурасы өтеді.

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының Инвестициялар және қаланы дамыту Басқармасы»  ММ-іне Астана қ. Достық к-сі, 13, 203 каб. мекен-жайына, 703-247, 703-248, 703-245 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.