Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарлама

28.09.2016, 20:47

2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы (бұдан бұрын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы)

Халықтың кең топтарын баспанамен қамту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымның №728 Қаулысымен 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаға тұрғын үй құрылысы және халықты баспанамен қамту бойынша бес бағыт кіреді.

1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісімен баспана(халықтың барлық топтарына және жас отбасыларға арналған);

2) «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісімен баспана;

3) «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісімен баспана;

4) апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның аясындағы баспана.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша баспана

Жас отбасыларға арналған баспана

Бұл бағыт бойынша Астана қаласында кем дегенде екі жыл тіркеуде тұрған, балалары бар, кем дегенде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуінің жасы 29 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде)жас отбасылар, сондай-ақ,  балаларды (баланы) ата-ананың бірі тәрбиелейтін, жасы 29 жасқа толмаған, ажырасқан немесе жесір қалған толық емес отбасылар өтініш бере алады.

Жас отбасыларға қойылатын басты талаптар:
    1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;
    2) соңғы 2 жыл бойы Астана қаласында тіркеуде тұру;
 3) Бағдарламаға қатысушының және онымен тұрақты тұратын оның отбасы мүшелерінің (әйелі, кәмелетке толмаған балалары), және отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен тұрғын үйдің болмауы;
    4) Бағдарламаға қатысушының және онымен тұрақты тұратын оның отбасы мүшелерінің (әйелінің, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), және отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жылда тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығымен тиесілі баспананы иелігінен шығару жолымен тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы.

Қатысушылар арасында іріктеуді балл беру арқылы (алған баллдың көптігі бойынша) тұрғын үй комиссиясы жүргізеді

1) бірінші балаға – 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі балаға – 30 балл;

2) мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан әрбір отбасы мүшесі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысына сәйкес – 10 балл;

3) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде осының алдындағы іріктеуде құрылысы біткен тұрғын үйдің тізіміне енгізілмеген үміткерлерге – қосымша 5 балл;

4) жетім бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала, жасы жиырма тоғызға толмаған, кәмелеттік жасқа жетпей ата-анасынан айырылған санатына жататын ерлі-зайыптының әрбіріне – 10 балл.

Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны:

3 сыныпты жайлылық – 142 500 тенге;

4 сыныпты жайлылық – 120 000 тенге.

Азаматтардың барлық санаттарына арналған баспана

Баспана тұрғын үй несиелері, тұрғын үй құрылыс жинақтары немесе өз қаржысы есебінен тікелей сатып алу жолымен меншікке беріледі. Төлем қабілеттілік қуатталмаған жағдайда баспана 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алу құқығымен жалға берілуі мүмкін.

Қатысу үшін құжат тапсыруға құқығы бар азаматтардың санаттары

Бағдарламаға сәйкес, аталған бағыт бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған (кезекте тұрғандар) төмендегі санаттарға жататын азаматтар ғана қатыса алады:

1.  жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

2.  халықтың әлеуметтік әлсіз топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; жасы бойынша зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық апаттардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан баспанасынан айырылған тұлғалар; көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар);

3.  мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бағдарламаның талаптары бойынша аталған бағыт бойынша мұқтаждар тізімінде тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алмайды:

1.  Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;

2.  1 және 2 топтағы мүгедектер; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулардың тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан азаматтар;

3.  мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін орындау барысында, әскери қызмет кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе жүзеге асыру барысында, адамның өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары;

4.  жалғыз баспанасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтар.

Өтініш берушілерге (үміткерлерге) қойылатын басты талаптар

1. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған мәртебесін қуаттау:

·  Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

·  Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуінің болуы;

·  Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен тұрғын үйінің болмауы, Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің (әйелінің, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), және отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу арқылы арендалық баспананың немесе меншік құқығымен баспананың (ортақ бірлескен меншіктің, өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің тұрғын үй бірлігі ретінде ортақ бірлескен (үлескерлік) меншігін құрайтын үлескерлік меншікте үлесінің) болмауы;

·   Бағдарламаға қатысушының және онымен тұрақты тұратын оның отбасы мүшелерінің (әйелінің, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), және отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жылда тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығымен тиесілі баспананы иелігінен шығару жолымен тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы.

2. Тұрғын үйді сатып алу және сатып алусыз жалға беру, сату шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін сәйкес кірістермен қуаттау  (төлем қабілеттілігін қуаттау).

Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны:

3 сыныпты жайлылық – 142 500 теңге;

4 сыныпты жайлылық – 120 000 теңге.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» бағыты бойынша

Аталған бағыт бойынша 2014 жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры Астана қаласының әкімдігі арқылы 678 пәтерді белгіледі.

Аталған бағыт бойынша бағдарламаға Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу үшін тізімде тұрған азаматтар қатыса алады, атап айтқанда:

·  мемлекеттік қызметкерлер;

·  бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

·  әскери қызметкерлер;

·  ғарышкерлікке үміткерлер;

·  ғарышкерлер;

·  арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

·  мемлекеттік сайланатын лауазымдар атқаратын тұлғалар;

·  халықтың әлеуметтік әлсіз топтары(Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;   1 және 2 топтағы мүгедектер; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулардың тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан азаматтар; жасы бойынша зейнеткерлер; жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; экологиялық апаттардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан баспанасынан айырылған тұлғалар; көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар; 3.  мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін орындау барысында, әскери қызмет кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе жүзеге асыру барысында, адамның өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары).

Аталған бағыт бойынша Бағдарламаға төмендегі азаматтар қатыса алмайды:

·  Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған және Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын;

·  жалғыз баспанасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтар.

Бағдарлама қатысушыларының арасында іріктеуді тұрғын үй комиссиясы азаматтың коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаждар тізіміндегі кезектілігіне сай жүргізеді.

«Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан баспана» бағыты бойынша баспана

«ҚИК» ИҰ» АҚ ҚР Ұлттық қорының қаржысы есебінен, өз қаржысына және басқа көздерден жалға берілетін баспананың құрылысын ұйымдастырады және/немесе үшінші тұлғалардан тұрғын үй құрылысы нысандарын (құрылысы жүріп жатқан, құрылысы аяқталмаған, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген (дайын тұрғын үй) тұрғын үй нысандарын) сатып алады.

«ҚИК» ИҰ» АҚ жалға берілетін баспананы екі бағыт бойынша өткізеді: сатып алу арқылы жалға берілетін баспана және сатып алусыз жалға берілетін баспана.

Астана қаласының әкімдігі Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «электрондық қызметтер» порталы арқылы өтініштер қабылдауды автоматтандыру бойынша шаралар кешенін жүргізді. Осылайша, Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды электрондық жолмен қабылдау бүгінгі күні Астана қаласында ғана қамтамасыз етілген.

Бағдарламаның талаптары бойынша аталған бағыт бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаждар тізімінде тұрған азаматтар (кезекте тұрғандар) қатысуға құқылы, атап айтқанда:

·  көпбалалы отбасылар;

·  толық емес отбасылар;

·  мүгедек балалары бар немесе тәрбиесінде мүгедек баласы бар отбасылар;

·  жетім-балалар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар;

·  оралмандар;

·  мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бағдарламаға сәйкес аталған бағыт бойынша қатысушыларды қалыптастыру екі кіші топ бойынша жүргізіледі:

·  1 кіші топ –  жоғарыда аталған санаттарға жататын Астана қаласы әкімдігінің кезегінде тұрғандар, некелескендеріне кем дегенде 3 жыл, балалары (баласы) бар және ерлі-зайыптылардың екеуінің жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте), сондай-ақ, балаларды (баланы) жасы 35-ке толмаған, ажырасқан, жесір қалған ата-ананың бірі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

·  2 кіші топ – жоғарыда аталған санаттардың Астана қаласы әкімдігінің кезегінде тұрған, 1 кіші топқа кірмейтін азаматтар.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.