Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Астананың концерт залдары

28.09.2016, 22:07

Жастар сарайы

  Киноконцерт залын бірлескен бір шараны өткізу үшін жарық және дыбыс құрал-жабдықтарының стандартты жиынтығымен (940 отыратын орын) ұсыну

Өлш. бірлігі тәулік

Саны  1

Баға,

тг/тәулік 700 000

Құны,тг  700 000

  Спорттық залды бірлескен бір шараны өткізу үшін ұсыну (трибуна – 350 орын)

Өлш. бірлігі тәулік

Саны 1

Баға,

тг/тәулік 300 000

Құны,тг  300 000

«Бейбітшілік және келісім сарайы»

Опера залы:

Зал 1302 отыратын орынға есептелген:

·  Партер – 317 орын

·  Бельэтаж (қос қапталдағы орындар)- 392 орын

·  Балкон (1қабат) – 197 орын

·  Балкон  (2 қабат)– 396 орын

·  8-9 қатар VIP

Опера залы 3 қабатта орналасқан 20 гримдеу бөлмемен жарақталған (гримдеу бөлмелерінде айна, дәретхана және жуынатын бөлмелер бар).

·  Гримдеу бөлмесі (№0)  ( айна – 1,  диван 2)

·  Гримдеу бөлмесі (№1-6), 16ш.м (айна - 2,  дәретхана/жуынатын бөлме 1,  шкаф 1, диван 1, орындық 3)

·  Гримдеу бөлмесі (№7 ), 16ш.м ( айна 2, шкаф 1, диван 2,  орындық 3).

·  VIP гримдеу бөлмесі (№8) – 63 ш. м (айна 9, диваны 2,  орындық 9),

·  Гримдеу бөлмесі (№ 9),  15 ш.м  - (дәретхана 1)

·  Гримдеу бөлмесі  (№10), 15 ш.м ( айна-3, дәретхана/жуынатын бөлме-1,  шкаф -3, диван-1, орындық -3)

·  Гримдеу бөлмесі (№11),  15 ш.м (дәретхана/жуынатын бөлме – 1,  шкаф-3,  диван -1, орындық -3)

·  Гримдеу бөлмесі (№12), 14 ш.м (айна – 3, дәретхана/жуынатын бөлме-1,  шкаф-1, диван-1, орындық -3)

·  Үлкен гримдеу бөлмесі (№ 14), 110 ш.м, (айна29,  дәретхана/жуынатын бөлме 4, шкаф 17, орындық 29)

·  Үлкен гримдеу бөлмесі (№ 15), 45ш.м (айна- 17,  шкаф -5, орындық 17)

·  Гримдеу бөлмесі (№16), 20ш.м (4 шкаф, 1 диван, 6 орындық)

·  Гримдеу бөлмесі (№17-18) 35ш.м (шкаф 4, орындық 14)

·  Гримдеу бөлмесі (№20), 15 ш.м (шкаф 7, орындық 14)

Опера залының күрделі сахнасы бар, оның бөліктері бір-біріне тәуелді емес – бас сахна, 2 жақтағы және сыртқы сахна. Сахнаның техникалық жарақталуы аса бірегей және күрделі қойылымдарды іске асыруға мүмкіндік береді. Сахнаның 56 штанкеткасы және басқа да техникалық артықшылықтары бар.

Конгресс-Холл

Филармония залдары

Жалпы ауданы - 6697м2, ғимараттың биіктігі - 25м, көлемі - 48382м3, қабаттар саны - 6, бөлмелер саны -158. Ғимарат екі көлемнен тұрады. Композициялық доминант – көрермен залының биік корпусы, ол вестибюль, фойе және әкімшілік-шаруашылық бөлмелер орналасқан бір қабатты бөлігінен бастап биіктейді. Ғимараттың құрамына кіретіндер: ауданы 2308м3 фойе, 1609 адамға есептелген киім шешетін орны бар вестибюль, 2 бар үстелі, 1609 адамға есептелген көрермен залы (партердің ауданы - 1594м2, балконның ауданы - 434м2), ауданы 340 м2 болатын сахна, және ауданы 72м2 оркестр шұңқыры, артистерге арналған 7 гримдеу бөлмесі (3 дана «люкс», ауданы 76м2, 4 дана – ауданы 67м2), әкімшілік-шаруашылық бөлмелер, балетке арналған дайындық залы - 96м2, мейрамхана (жеке кіру есігі бар) - ауданы 248м2. Киім шешетін орны бар вестибюль кең фойеге жалғасады, оның ауданы - 2308м3, фойе кең баспалдақ арқылы көрермен залына ұласады.

Көрермен залы

Көрермен залының сыйымдылығы 1620 орынды құрайды, партер - 911 орын, амфитеатр А секторы -52 орын, Б секторы -2 орын, балкон - 605 орын (партердің ауданы  - 1594м2, балконның ауданы - 434м2). Зал заманауи музыкалық жүйемен жарақталған, залдағы температураны бақылайтын желдету және ауа баптау жүйелерімен жарақталған, жұмсақ жайлы креслолармен жабдықталған, креслолар залдың кез-келген жерінен сахнаны толықтай көруге болатындай етіп орналасқан.

Акустика

Концерттік зал барлық акустикалық талаптарға сәйкес келеді: жаңғырықтыру уақыты 2 секунд, алғашқы көріністердің сөну уақыты 1,3 секундтан 2,1 секундға дейін, дыбыстың анықтылығы немесе айқындылығы 10 нан 20 дб-ға дейін, орталық уақыты 5 мс-дан 1 секундка дейін, алғашқы шеткі көріністердің энергиясы 0-дан 1 секундқа дейін.

Сахна

Сахнаның техникалық сипаттамалары. Сахнаның ауданы - 378 м2. Сыйымдылығы 1000 адамға дейін. Техникалық өлшемдері, ені - 21,5 м., тереңдігі - 17,5 м, сахнаның бекіткіштерге дейінгі биіктігі - 18 м., арлекиндерге дейінгі биіктігі - 7,9 м., 2 порталды мұнара бар. Сахнаның 9 планшеті оны биіктігінің бойымен 0-ден 180 см-ге дейін трансформациялауға мүмкіндік береді, сахнаның 11 штанкеті әрқайсысының салмағы 320 кг, болатын декорацияларды көтеруге және түсіруге мүмкіндік береді. Оркестр шұңқырына (ені - 4 м., ұзындығы - 15 м.) музыкалық оркестрдің кез-келген құрамы сияды.

Жарақталуы

Сәйкес дыбыстық және жарықтық сүйемелдеумен концерттік шараларды өткізу үшін ғимарат жаңа технологияларға жауап беретін және жарықтандырудың қажет деңгейін және дыбыс шығарудың қажет сапасын жүзеге асыруға болатын құрал-жабдықтармен жарақталған. Ғимарат дыбыстың үш жолақты жүйесі бар дыбыстық аппаратурамен жарақталғанЗ, маркасы - Meyer Sound, дыбыстың қуаттылығы - 20-25 квт., жиіліктер диапазоны- 40Гц - 20000КГц , пульт маркасы Soundcraft Vi-G. Ғимарат жарықтандыруды қашықтықтан диммерлі басқарумен жабдықталған  (сахнаны жаппай жарықтандыру, бірінші жоспар бойыша орналасқан сахнаны, көрермен залын, қабырғаларды, сахна сыртын немесе безендіру фрагменттерін түрлі-түсті жаппай жарықтандыру, спич-трибуна, жүргізушілерді анық көрсету, театрлық көрсетілімдер кезінде сахнаның бөлек аумақтарын жарықтандыру, авансахнаны жарықтадыру, телевизиялық түсірілімдер жүргізу кезінде көрермендер залын қосымша жарықтандыру, эстрадалық шығарылымдардың көп бөлігін акценттеу кезінде жарық жарқылдақтарын жасау үшін көрермендер залын, сахна сыртын немесе безендіру фрагменттерін жарықтандыру, безендірулерге әртүрлі әсерлері түс ауыстыру, анимация жасау). Құрылғы жиынтығына тек қана безендірулерде немесе сахна бетінде ғана емес, сонымен қатар кеңістікте жарық суреттерін көзбен шолынайтындай әсер беруге ықпал ететін жеңіл түтін әсерін жасайтын генераторлар мен сахна желдеткіштері кіреді, бұл эстрадалық іс-шаралар кезінде аса маңызды.

Барлық жарық техникасы құрылғарын басқару екі жарық консольдер, яғни AvolitesPearl 2004 және RoadHog 4 арқылы жүзеге асырылады. Бірінші консольмен барлық статикалық диммер құрылғылары, ал екінші консольмен барлық динамикалық құрылғылар басқарылады. Ұжыммен гастрольдік сапарға келетін жарық қоюшылардың қолайлығы үшін кез келген пультта барлық құрылғыларды қайта коммутациялау және патч жасау мүмкіндігі бар. Сахнаны кешендік жабдықтандыру және безендірудің ғажайыптығын жасау үшін 1 және 2 жарық софиттерінің арасында қосымша жарық фермасын жасау жоспарланып отыр, онда сахна және безендіру жарығының сапасын жоғарылататын 8 дана көлемінде екі тәуелсіз құйылмалы толық бұрылмалы DTSWONDER оптикалық топтармен жарық LED құрылғылары орналасады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.