Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасы

28.09.2016, 22:55

Астана қаласының әкімдігі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасын әзірледі.

Көше саудасының бекітілген түрлеріне жылжымалы асханалар, кофеханалар, нан-тоқаш, балмұздақ, газет, жемістер мен көкөністер сатуға арналған орындар, кәдесыйлар мен гүл сату киоскілері жатады.

Павильондардың сыртқы түрінің шарттары, пайдаланылатын материалдар, өлшемдері және т.б. (презентация) тіркелген.

Жер учаскелерін бөлу бойынша конкурсқа заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген және салық пен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жіберіледі.

Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады. Өтінім берген кезде мына құжаттарды тіркеу керек:

1) өтініш-анкета (үлгі);

2) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болса);

4) өтініш берген кезде салық бойынша қарызының жоқ болуы туралы анықтама;

5) кем дегенде 9 шаршы м. жер учаскесін алуға үмітті кәсіпкерлер сауда нысанының эскизін ұсынуы керек.

6) 9 шаршы м және одан артық жер учаскесін алуға үмітті кәсіпкерлер дайындаушы зауыт туралы мәліметтер мен оның мекен жайын көрсетуі керек.

конкурсқа:

1) мемлекеттік және заңды тұлғалар;

2) комиссия мүшелері;

3) комиссия хатшысы;

4) алдыңғы конкурстарда жеңімпаз атанған, бірақ субаренда жөніндегі келісімнің шарттары бойынша өз міндеттерін орындамаған тұлғалар қатыспайды.

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру www.astana.gov.kz сайтында жарияланады. Хабарландырумен бірге сайтта мекен жайы, ауданы және бір жылға жалға алу ақысы көрсетілген жер учаскелерінің тізімі болады.

Құжаттар www.smart.astana.kz сайты арқылы хабарландыру шыққан сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде электронды түрде тапсырылады.

Жер учаскесі 7 жыл мерзімге жалға беріледі.

Кәсіпкерлік субъектісімен эстетикалық, санитарлық және өртке қарсы нормаларды сақтау қарастырылған Келісім жасалады, бұл ретте жалға алу ақысы өтімділік пен алыс орналасу критерийлері бойынша аймақтауға байланысты болады (келісімнің жобасы тіркелді).

Барлық сұрақтар бойынша 554973, 8 778 375 24 07 телефондары бойынша «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ және мына және  556913 телефоны бойынша Астана қаласының кәміпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласуға болады, сондай-ақ, кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін 1000_mest@mail.ru электронды поштасы ашылды, оған жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат ұсынылады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.