Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жануарларға арналған пана

28.09.2016, 23:20

Елордада Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде иттер мен мысықтар уақытша ұсталатын оқшаулағыш жұмыс істейді.

Оқшаулағыш 100 темір тордан  тұрады.  Жануарларды ұстау мерзімі – 3 күн.

Уақытша ұстау мерзімінде иттер мен мысықтар қажетті деңгейде күтіледі және тамақтандырылады, темір торларда күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған пана шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының базасында Астана қаласы Алаш тасжолы, 3 мекен жайы бойынша орналасқан, тел. 57-03-54.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.