Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қолдау

28.09.2016, 23:41

Бүгінгі таңда мемлекетте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2020» болып табылады. Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне енсе, Сіз екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз. Сыртқы желілерге (кәріз, сумен жабдықтау және т.б.) сыртқы желілеріне мемлекеттік сараптама болған жағдайда, нысанға жетіспей тұрған инфрақұрылымды тарту бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер инновациялық жоба ұсынсаңыз мемлекеттік гранттар бөлу жобасына қатысуыңызға болады. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, Даму-көмек бағдарламалары жүзеге асырылуда. Толық ақпаратты www.damu.kz., www.dkb2020.kzсайттарынан алуға болады.

Жалпы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы бизнесті ашу және құру бойынша тегін консультациялар береді, жаңа бастаған кәсіпкерлерге оқыту курстарын өткізеді. Толық ақпаратты Қажымұқан к-сі, 8а мекен жайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан немесе 1408 номері бойынша call орталықтан алуға болады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы толығырақ

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы» және «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың елімізде бизнес климатты жақсартуға бағытталған бұған дейінгі кейбір салалық бағдарламаларды (соның ішінде «Бизнесті дамыту картасы 2020») біріктіруді мақсат етеді.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама 2015-2019 жж жүзеге асырылады.

1-ші кезең - 2015 жыл.

Бірінші кезеңде Бағдарламада қарастырылған мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру тәртібін регламенттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық базаны құру қажет. Банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, ислам банктері жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған жағдайда субсидиялау, банктердің несиелері бойынша кепіл беру, микроқаржылық ұйымдардың несиелері бойынша сыйақыларды субсидиялау, микроқаржылық ұйымдардың несиелері бойынша кепіл беру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру, мемлекеттік гранттар беру ережелерін әзірлеу және бекіту қарастырылған. Соның нәтижесінде Бағдарламаны айқын және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тиісті нормативтік шарттар жасалады.

• Екінші кезең - 2016-2019 жылдар.

Екінші кезеңде Бағдарламада қарастырылған мемлекеттік қолдау құралдарын тиісінше жүзеге асыру бойынша жұмыстар күшейтіледі. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану кезінде Бағдарламаның алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қатысты олардың тиімділігі бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг қорытындысы бойынша жыл сайынғы негізде Бағдарламаның тиімділігін арттыру, оның құралдарын жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бағдарламаны тұрақты мониторинг жүргізе отырып жүзеге асыру алға қойған міндеттерді орындауға және Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экономиканың басым секторлары:

1)  агроөнеркәсіп кешені;

2)  кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;

3)  жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;

4)  құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;

5)  металлургия, металл өңдеу, машина жасау;

6)  өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)

7)  көлік және қойма қызметі;

8)  туризм;

9)  ақпарат және байланыс;

10)  кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

11)  білім;

12)  денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

13)  өнер, көңіл көтеру және демалыс;

14)  қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.

Бағдарлама төрт бағытта жүзеге асырылады: 
1) моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау;

2) Экономиканың басымды салаларында және өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді салалық қолдау;

3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету;

4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:

1) Банктің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың несиелері/қаржылық лизингтік келісімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Банктің/даму банкініңнесиелері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) мемлекеттік гранттар ұсыну;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру;

5) жеке меншікті микроқаржылық ұйымдардың микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау;

6) микроқаржылық ұйымдардың банктердегі кредиттеріне жартылай кепіл беру.

Бағдарламаның екінші бағытымен кәсіпкерлерге мынадай қолдау шаралары ұсыну қарастырылған:

1) Банктің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың несиелері/қаржылық лизингтік келісімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

2) Банктің/даму банкініңнесиелері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриалды аймақтар құру;

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты Банктің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың несиелері/қаржылық лизингтік келісімдер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемелерін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауға бағытталған.

Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларымен жеке меншік кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамалары бар адамдарға келесі функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған:

1) кәсіпкерлікті ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлердің құзыреттілігін дамыту;

3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.