Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Елорда күні

28.09.2016, 23:44

Қалада 20 маусым – 6 шілде аралығында Елорда күніне орайластырылған мерекелік шаралар өткізілді.

Барлығы 92 оқиғадан тұратын 48 шара, соның ішінде 18-і жабық, 30-ы ашық алаңдарда ұйымдастырылды.  

Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарда өткен кешкі концерттік бағдарламаларға аса қызығушылық танытқан, бұл шараларды 244 000 мың адам тамашалаған.  

Жалпы Елорда күні аясында өткен мерекелік шараларға 730 мыңнан астам адам келген.  

Шараларды дайындауға және өткізуге 4,5 мыңнан астам адам (ұйымдастырушылар, қоюшы режиссерлар топтары, техникалық қолдау қызметтері, әртістер мен шығармашылық ұжымдар) тартылды. 

Шаралар барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ІІД жеке құрамының 1500 қызметкері, 319 адам және 41 ТЖД өрт сөндіру көлігі, жедел жәрдем көлігі бригадасы тартылды. 


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.