Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Құрылыс стратегиясы

28.09.2016, 23:48

Астананы дамытудың стратегиялық жоспарында оны еуразиялық кеңістіктегі үлгілі астанаға, еліміздің тұрлаулы дамуын қамтамасыз етудің негізіне айналдыру миссиясы алға қойылды. Астананың болашағы белгіленді: Қазақстан Республикасының елордасы – бұл экономикасы бәсекеге қабілетті, еліміздің тұрғындары, азаматтары мен туристер, кәсіпкерлер үшін тартымды, қоршаған ортасы қолайлы қала.

Тұрғын үй құрылысы басты мәселелердің бірін шешеді - әлеуметтік саланы және қала халқының өмір сүру сапасын дамыту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж. арналған бағдарлама мен Өңірлерді дамытудың 2020 жылдға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу.

Аталған кезеңде жалпы ауданы 585,8 мың м2 құрайтын 11 617 пәтер пайдалануға берілді, соның ішінде:

  - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру аясында -  жалпы ауданы 198,9 мың м2 3 805 пәтер.

  -  Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж. арналған мемлекеттікбағдарламаны іске асыру аясында  – жалпы ауданы 386,9 мың м2 7 812 пәтер.

2016 жылы жалпы ауданы 118,3 мың м2 2 068 пәтерлік 9 КТК құрылысы жалғасады,жыл соңына дейінжалпы ауданы 87,5 мың м2 1 362 пәтерлік тұрғын үй тапсырылады, соның ішінде:

  - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру аясында -  жалпы ауданы 65,7 мың м2 1 052 пәтер;

  -  Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж. арналған мемлекеттікбағдарламаны іске асыру аясында  – жалпы ауданы 21,8 мың м2 310 пәтер.

  Үстіміздегі жылы 2016 жылға арналған Дағдарысқа қарсы жоспар аясында жалпы ауданы 53,13 мың м984 пәтерлік 3 КТК құрылысы басталды.

  Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарламалар аясында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым  салу жұмыстары жалғасады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.