Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Такси

29.09.2016, 15:01

Қалалық такси қызметін құрудың басты мақсаты Астанада такси тасымалының сапасын арттыру, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын сақтап, жол жүруге қолайлы жағдай жасау.

Жаңа форматтағы қалалық такси қызметін енгізу:

•  Қызмет етудің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз етуге;

•  Қауіпсіз тасымалдауға;

•  Бірыңғай біріктірілген такси жүйесін құруға;

•  Елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі мобильді қызмет көрсетуге;

•  Астанада жаңа 3 000 жұмыс орнын ашуға;

•  Бюджетке түсетін салық көлімін 1,8 млрд теңгеге арттыруға;

•  таксидің орташа тарифін 750 теңге мөлшерінде белгілеуге;

•  тапсырысты орындау жылдамдығын 30 минутқа жеткізуге;

•  такси күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді;

Жобаны іске қосу аясында таксиді тез шақыру үшін қарапайым әрі ыңғайлы интерфейсті мобильді қосымша әзірлеу жоспарланған. Соныменқатар, тұрақты және VIP клиенттерді тіркеужүргізіледі.

Қазіргі таңда өзара қарым-қатынас тәртібі және жылжымалы құрам паркін басқару технологиясы қарастылып жатыр. Отандық автоөндіріс көліктерінің модельдік қатарын таңдау, автомобиль-таксиді бірыңғай стандартқа сай жабдықтау, «Қалалық такси жүргізушісі» оқу бағдарламасын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Барлық қалалық такси көліктері бірыңғай диспетчерлеу жүйесімен байланысатын болады.

Айта кетерлік жайт, таксидің жылжымалы құрамы бір стильде брендтеледі және қызмет ету үшін арнайы қондырғылармен жабдықталады.

Толығырақ http://alrt.kz/ сайтында

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.