Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Көлік жүйесін дамыту стратегиясы

29.09.2016, 15:07

Астана – туристер үшін тартымды және Қазақстан елордасының тұрғындары мен қонақтары үшін өмір сүруге қолайлы, заманауи қала. Бүгінгі күні қала халқының саны миллионға жетті және әлі де өсіп келеді. Осыған орай автокөліктер де көбейді. Бұл өмір сүру стандарттарының жоғарылауымен ғана емес, тұрғындардың ұтқырлығын дамыту үрдісімен де байланысты. Бұрын адамдар қоғамдық көлікті жиі пайдаланатын және жұмыс орнына жақын жерде тұратын, қазіргі жағдайда адамдар қаланың іскерлік аудандарынан алыста тұрып, жеке көлікті пайдаланады.

Көлік кешенін сапалы басқару мақсатында 2011 жылы сәуірде «Астана LRT» ЖШС басқарушы көлік компаниясы құрылып, оның алдына қаланың көлік жүйесін модернизациялау және операциялық басқару міндеттері қойылды.

Бүгінгі күні Қазақстан елордасының көлік саласында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Соңғы жылдары төмендегі жобалар іске асырылып, қолға алу жоспарланып отыр:

-  жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT);

-  жылжымалы құрамды жаңарту (City Bus – 1, City Bus – 2 және City Bus - 3);

-  ASTRA PLAT электронды төлем жүйесін енгізу;

-  Көліктібақылауқызметі (КБҚ) жүйесін әзірлеу;

-  қоғамдық көліктің маршрут желісін модернизациялау;

-  қоғамдық көлікке бөлінген жолақтарды енгізу (Bus Lane);

-  көлік мамандарының біліктілік орталығын құру;

-  мектеп тасымалдарын енгізу (School Bus);

-  қалалық такси жүйесін ұйымдастыру;

-  қала маңы және қалааралық тасымалдар үшін автовокзалдар мен автостанциялар салу;

-  жабық типтегі аялдама павильондарын орнату (жылы аялдамалар);

-  Астананың тұрақ кеңістігін басқару;

2015 жылы қазанда Қазақстанда UITP Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесін ашу туралы шартқа қол қойылды.

Толығырақ http://alrt.kz/ сайтында

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.