Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Бірыңғай тұрақтар жүйесі

29.09.2016, 16:07

Аталмыш жобаның басты мақсаты:

·  Жол жүретін жерлерде ұзақ мерзімге тұраққа қойылған автокөліктердің санын азайту арқылы көше-жол желісіне түсетін жүктемені төмендету;

·  қала орталығындағы көлік қозғалысының жылдамдығын арттыру;

·  қоғамдық көлік құралдары мен автомобильдер, жаяу жүргіншілердің жайлы қозғалысына мүмкіндіктер жасау;

·  №1 аймақ: Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ көшелерінің қиылысы;

·  №2 аймақ: Сарыарқа – Бөгенбай батыр – Республика – Жағалау көшелерінің қиылысы.

«Астана қаласының автотұрақ кеңістігін бақылау» толыққанды жобасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Нұрлы жол желекжолында 910 автотұрақ орнын орналастыру жоспарлануда.

2016 жылдың соңына дейін Астанада 9000 ақылы автотұрақ орнынжасау жоспарланған, олар екі аймақта орналасатын болады:

Автокөлік иелері үшін тұрақ кеңістігі орын таңбаларымен, белгілермен, төлем процесін сипаттайтын ақпараттық тақталар, сондай-ақ бос тұрақ орындары көрсетілген электронды тақталар және қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған паркоматтармен жабдықталады.

Қызметтерді көрсетуге бақылау және бүкіл жүйенің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету – бірыңғай диспетчерлік орталықта жүзеге асырылады.

Автотұрақ кеңістігін басқару автоматтандырылған кешенді жүйе арқылы жүзеге асады. Болашақта тұраққа төлем жасаудың бірнеше тәсілі ұсынылады:

·  Көше-жол желілеріндегі автотұрақ орындарында орнатылған паркоматтар арқылы;

·  SMS-хабарламалармен;

·  Тұрақ абонементтерімен;

·  Ұялы қосымшалармен;

·  Автотұрақ шотының жеке кабинеті арқылы.

«Астана қаласының автотұрақ кеңістігін басқару» жобасымен төмендегілерге жеңілдетілген тұрақ құқығы қарастырылады:

·  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне автотұрақ кеңістігінің барлық аймағында;

·  I және II топ мүгедектеріне арнайы бөлінген аумақтарда;

·  Бір кадастрлық орам шегіндегі ақылы автотұрақ аумағына кіретін үйлердің тұрғындары үшін.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік қозғалысының белсенді жерлерінде ақылы автотұрақтар құру – жол-көлік кептелістерінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзу санын азайту бойынша әлемдегі ең тиімді шаралардың бірі болып табылады.

http://alrt.kz/uploads/images/8ae8480f4fb7fd13cec743768b9bf780.jpg

Мәскеу, Ресей

Мәскеуде қала көшелеріндегі «көлікті ретсіз тұраққа қою» проблемасын шешуге арналған «Мәскеудің тұрақ кеңістігі» жобасы іске қосылды.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру оң нәтижелер көрсетті:

·  Қозғалыс жылдамдығының 12%-ға артты;

·  тұрақ ережелерін бұзушылықтар саны 64%-ға азайды;

·  Садовое кольцо аумағына кіретін жеке көлік саны 25%-ға азайды;

·  Автотұрақтар айналымының 4 есеге артуы (егер автомобиль бұрын орта есеппен 6-8 сағат орын алса, қазіргі кезде 1,5 сағаттан артық уақыт алмайды.

http://alrt.kz/uploads/images/67b01293aa8ee4aee88a5655a7ef76f7.jpg

Санкт-Петербург, Ресей

Осыған ұқсас «Санкт-Петербург қаласының көлік кеңістігі. Көрсету аймағы» жобасы Санкт-Петербург қаласында әзірленді.

Мақсаты – көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыру арқылы жайлы және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, қоғамдық көлік құралдары мен автомобильдер, жаяу жүргіншілердің жайлы қозғалысы үшін мүмкіндіктер жасау.

Жобаның негізгі міндеттері:

·  Қаланың ақылы тұрақ аймақтарындағы көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыру;

·  Көше-жол желісіндегі бекеттер мен тұрақтардың ережелерін бұзушылықтар санын азайту;

·  Ақылы тұрақ аймақтарындағы көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын арттыру;

·  Ақылы аумақ шегіне кіретін жеке көлік ағынын азайту және көліктің баламалы түрлерін пайдалануға ықпал ету.

http://alrt.kz/uploads/images/2b32d4ab2f53a916048d47223d7ed4cc.jpg

Лондон, Ұлыбритания

Автокөлік иелері үшін әлемдегі ең қымбат мегаполистердің бірі Лондонда машинаны көшелерде тұраққа қою мүмкіндігі үшін ғана емес, сонымен қатар орталыққа кіру үшін төлеуге тура келеді. Қалалық билік салықты 2003 жылы енгізген болатын, ал жеңілдік тек гибридтік және электрлі автомобильдер иелеріне беріледі.

Бұдан бөлек, қаладағы барлық көшелердің жиектері сары және қызыл жолақтармен белгіленген, олар ақылы тұрақ аймағын білдіреді. Бұл жерде төлем қабылдайтын, сондай-ақ тұрақты пайдаланудың рұқсат етілген уақыты, құны, және максималды ұзақтығы туралы ақпарат беретін арнайы автоматтар орнатылған: Лондон орталығында машинаны бір жерде екі сағаттан артық уақытқа қоюға болмайды.

Тұраққа қоюдың бір сағаттық құны ауданға байланысты өзгеріп отырады, ал машинаны тұраққа тек кешкі уақытта (18.00-ден кейін) және демалыс күндері ғана тегін қоюға болады.

http://alrt.kz/uploads/images/16b5059f48674fdf8af7f63d777511f8.jpg

Вена, Австрия

Венадағы көптеген қала көшелерінде көлік тұрақтары ақылы. Сонымен қатар 2012 жылғы 1 қазаннан бастап ақылы көлік тұрақтарының саны артты. Қала көлік тұрағы үшін төлеуге тура келетін уақыт аралықтары бар аудандарға бөлінген. Әдетте 9.00-ден 19.00-ге дейінгі, өте сирек – 22.00-ге дейінгі уақыт аралықтары ақылы болып табылады. Түнде, сондай-ақ демалыс және мереке күндері машиналарды осы аймақтарда тұраққа тегін қоюға болады.

Бұдан бөлек, Венада тұраққа қоюдың ең ұзақ уақыты бар: ол әдетте 2-3 сағатты құрайды. Австрия астанасында тұраққа төлем жасау кезінде түсі әртүрлілігімен және тұраққа қою уақытының ұзақтығымен ерекшеленетін арнайы талондар қолданылады. Құны €1 болатын қызыл талондар жарты сағаттық тұраққа арналса, €2 тұратын көк түсті талон – бір сағатқа, ал бағасы €3 жасыл түсті талондар – бір жарым сағатқа, €4 сары түстілері екі сағатқа беріледі.

Сондай-ақ қысқа мерзімді аялдамаларда қолданылатын тегін 10 минуттық күлгін талондар да бар.

Толығырақ http://alrt.kz/ сайтында

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.