Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Astra plat (электронды жолақы төлеу жүйесі)

11.11.2016, 14:55

Электронды жолақысын төлеу жүйесі елордамыздың интеллектуалды көлік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол OMNIA – Астана қаласының ITS әмбебап плафтормасы аясында өзге жүйелермен біріктірілген.

Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру. Электронды жолақысын төлеу жүйесін және елорданың қоғамдық көлігінің диспетчерлеу жүйесін енгізу мына негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

·  елорданың автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметтері бойынша сапаны арттыру;

·  жолаушылар тасымалдау саласында қаржылық айналымның ашықтылығын қамтамасыз ету;

·  тегін жол жүру құқығын пайдаланатын санатқа жататын азаматтардың тасымалын қамтамасыз етуші тасымалдаушы кәсіпорындардың шығындарын өтеу көлеміне дұрыс есеп жүргізуге мүмкіндік беретін механизмді енгізу;

·  елорданың үдемелі өсіп келе жатқандығын ескеріп, тәулік уақытына байланысты жолаушылар ағынын өзгертуге шұғыл талдау жасау есебінен жолаушылар көлігін сапалы басқаруды қамтамасыз ету;

·  елорданың қоғамдық бағдарларына қызмет көрсететін әр көлік құралы жұмысының келесі өлшемдері бойынша жедел талдау: қоғамдық көліктің жүру аралықтарын (кестесін), жылдамдығын (жылдамдық режимін арттыру), аялдау ұзақтығын ұстану.

Бүгінгі таңда ASTRA PLAT жүйесімен 750 көлік құралы қамтылған: қалалық – 665 б. (52 бағдар), экспресс – 35 б. (4 бағдар), қала маңы – 50 б. (14 бағдар).

Жүйеде жолақы төлеудің екі нұсқасы қарастырылған: көліктік карта және қолма-қол ақшамен біржолғы билет алу.

Жүйені енгізу аясында жолаушылар үшін төмендегідей басымдылықтар ұсынатын икемді тарифтік саясат ескерілген:

·  10 сапарды сатып алғанда, 11-ші сапар – тегін;

·  қала автобусында жол жүруді тіркеу – 60 минуттың ішінде тегін ауысып міну мүмкіндігі;

·  кез келген ыңғайлы уақытта 30 және 90 күнге біржолғы тарифтік жоспарды сатып алу мүмкіндігі.

Қолма-қол ақшамен төлегенде жолаушыға бекітілген үлгідегі біржолғы қағаз билет беріледі.

Қоғамдық көліктің жолақы құны төмендегідей:

·  қалалық бағыттарға – 90 теңге;

·  экспресс бағыттарға – 150 теңге;

·  қала маңына қатынайтын бағыттарға – көліктік аймаққа байланысты (1 аймақ – 100 теңге, 2 аймақ – 200 теңге, 3 аймақ – 300 теңге, 4 аймақ – 400 теңге);

Электронды жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу үшін көліктік карталардың келесі түрлері қарастырылған:

1.  ЭКСПО-2017 өткізу шеңберінде қала қонақтары үшін саны шектеулі сапарларға арналған көлік карталары;

2.  толтырылатын көлік карталары;

3.  жеңілдігі бар көлік карталары;

4.  мектеп көлік карталары.

КӨЛІК КАРТАЛАРЫН САТУ ЖӘНЕ ТОЛТЫРУ ТОРАБЫ

ASTRA PLAT жобасы аясында көлік карталарын сату және толтыру тораптары ұйымдастырылған:

1.  Төлем жүйелерінің орталығы мен мамандандырылған кассалар – 10 пункт:

·  Төлем жүйелерінің орталығы – Кенесары к-сі, 69 («Каминный» ТК), 3 касса;

·  «Евразия» СҮ, Петров к-сі, 24;

·  «Рахмет» СҮ, Тілендиев даңғылы, 15;

·  «Сапаржай» автовокзалы, Гете к-сі, 5;

·  «Әлем» СҮ, Бөгенбай батыр даңғ., 68;

·  Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғ., 5;

·  «Жеңіс» СҮ, Жеңіс даңғ., 47;

·  Көлікті диспетчерлеу орталығы, Абылай хан даңғ., 57/1.

2.  Негізгі аялдама пункттерінде, ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында және супермаркеттерде көліктік карталарды сату және толтыру бойынша RTVM (Real time Ticketing Vending Machine) автоматтары орнатылған. Бүгінде RTVM жалпы саны - 30.

Сату және толтыру бойынша автоматтар:

•  Теміржол вокзалы, Гёте к-сі, 1;

•  «Северный» СҮ, Қосшығұұлы к-сі, 9 (188 көш.);

•  «Орбита» сауда орталығы,Петровк-сі, 1;

•  «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғ., 31;

•  Көлік мамандарының біліктілік орталығы, Мұңайтпасов к-сі, 14;

•  «Думан»ОСО, Қорғалжын тасжолы, 2;

•  «Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғ., 21;

•  «Апрель» СҮ, Жеңіс даңғ., 67;

•  «Апрель» СҮ, Республика даңғ., 4;

•  «Апрель» СҮ», Мұңайтпасов к-сі, 20;

•  Халықаралық әуежай, Қабанбай батыр даңғ., 115;

•  «Рахмет» СҮ. Б. Момышұлы даңғ., 10;

•  «Sine Tempore» СҮ (ОӘД), Бейбітшілік к-сі, 9.

Көшедегілер:

•  Медициналық академия аймағы (Бөгенбай-Сарыарқа) – 2 RTVM;

•  Хабар телеарнасының аймағы (Сейфуллин – Сарыарқа) – 2 RTVM;

•  Жастар шағын ауданы (Бараев к-сі.) – 3 RTVM;

•  Министрліктер үйі (Орынбор, Қонаев) – 5 RTVM.

3.  Көліктік карталарды сату және толтыру бойынша агенттік тораптарды ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде;

4.  Көліктік карталарды сатуды және толтыруды көлік құралдарының бортында жүзеге асыруға болады – жүргізушінің 750 консолі;

5.  Көліктік карталарды 1500 QIWI төлем терминалдары және Касса 24 арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлік банктерде ASTRA ғаламтор порталының көмегімен толтыруға болады.

ASTRA PLAT ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗІЛУІ

I кезең – тарифтік аймақтар

Астанада 2016 жылдың 30 шілдесінде қала маңына қатынайтын бағдарларға тарифтік аймақтар енгізілді. Бұл ASTRA PLAT жол ақысын электронды төлеу жүйесінің бірінші кезеңі. Астананың қала маңы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінген, әрқайсысының қашықтығы – 15 шақырым. Қала маңы тасымалы 24 елді мекенді қамтиды, 14 бағдар қызмет етеді.

Территорияны аймақтарға бөлу жүйесінің артықшылықтары:

- Астана қаласы маңындағы елді мекендердің тұрғындары үшін жол ақысы орташа есеппен 50 теңгеге, ал кейбір жерлерде 120 теңгеге (Бабатай) және 100 теңгеге (Аршалы) арзандады;

- тарифтер көлемі 84-тен 5-ке дейін қысқарды;

- Куәландыратын құжатты көрсету арқылы жеңілдіктері бар азаматтар елорданың қала маңына қатынайтын автобустарда тегін жүру құқығына ие болды;

- Қала маңына қатынайтын автобустарда жолаушылар легі 10% артты;

II кезең - экспресс тасымал

ASTRA PLAT жол ақысын электрондық төлеу жүйесінің екінші кезеңін іске асыру аясында экспресс автобустар жұмыс істейді. Сатылым желісі ашылып, тасымалдаушы кәсіпорындардың ішкі бизнес-үдерісінде өзгерістер болады.

Электрондық төлем жүйесін енгізу барысында барлық қатысушылар, өзара тетікті реттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Жүйе мен қондырғылардың тәжірибелік пайдалану жұмыстары атқарылады.

III кезең – қалалық тасымал.

ASTRA PLAT жол ақысын электрондық төлеу жүйесінің үшінші кезеңін іске асыру аясында қалалық автобустар жұмыс істейтін болады. Көлік картасын сататын желі кеңейтіліп, жолаушылардың көлік карталарын интернет порталдары және төлем терминалдары арқылы теңгерімдерін толтыруға мүмкіндігі болады. Тасымалдаушы 8 кәсіпорында пайдаланылған бизнес-үдерістердің таралымы жүреді. Қоғамдық көліктерді пайдаланушылар қала автобустарында тегін ауысып отыруларына және тегін жүрулеріне болады.

IV кезең – қала маңы тасымалы.

ASTRA PLAT жол ақысын электрондық төлеу жүйесін іске асыру аясында қала маңына қатынайтын автобустар жұмыс істейтін болады. Қала және қала маңы автобустарының бағдарлары өзгереді. Төртінші кезеңнің басты көрсеткіші - қала маңына қызмет ететін автобустарда көлік карталарын пайдаланатын жолаушылар бонустар ала алады.

ASTRA PLAT МҮМКІНДІКТЕРІ

Шетелдік тәжірибенің талдауы бойынша, электрондық төлем жүйесін енгізуге 2-3 жыл уақыт қажет. Астанада ASTRA PLAT жүйесін енгізу төмендегідей басты мәселелерді шешуге бағытталған:

1.  Қолма-қол төлем жасауды жою;

2.  Қала маңы бағдарларын қосқанда, барлық қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу;

3.  Қолдан жасау немесе бұзудан қорғалған қауіпсіздік деңгейі жоғары Mifare Plus X 2k стандартты электрондық картасы пайдаланылады.

4.  ASTRA PLAT электрондық төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу;

5.  қарқынды түрде жүргізілген ақпараттық қолдау, жобаны таныстыру үшін жүргізілген түрлі ақпараттық іс-шаралар.

6.  Жолаушылар үшін көлік карталарын пайдалануға арналған ынталандыру жүйесін енгізу. Түрлі бонустық бағдарламалар қарастырылған. Мысалы: 11-ші сапар тегін және 60 минуттың ішінде бірінші автобустан екіншісіне тегін ауысып отыру.

7.  Автобус салонында көлік картасын сатып алу және толтыру мүмкіндігі.

8.  Тарифтер санын азайту. Алғашқы кезеңде қала маңы, экспресс және қала тасымалына 6 әмбебап тарифтік жоспар қолданылады:

•  қалалық тасымал –  90 теңге;

•  экспресс тасымал – 150 теңге;

•  1 көліктік аймақ  – 90 теңге;

•  2 көліктік аймақ  – 200 теңге;

•  3 көліктік аймақ – 300 теңге;

•  4 көліктік аймақ – 400 теңге;

9.  Дәстүрлі жол ақысын төлеу әдісінен біртіндеп бас тарту (ұзақ қолданыстағы қағаз жол жүру билетінен, қағаз зейнеткерлік куәліктен жеңілдікті көлік картасына ауысу, орамды жыртпалы билеттерден QR кодты бір реттік билетке көшу).

10.  Қала маңы және экспресс бағдарларда жеңілдікті санаттағы жолаушылар тегін жүреді. 2016 жылдың 1 шілдесінен 31 тамыз аралығында оқушылар үшін қалалық және экспресс бағдарларда тегін жол жүру акциясы өткізілді.

11.  НҚА-қа өзгертулер енгізу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл тасымалдаушылардың көмекқаржы есебіне жаңа әдістер енгузіге мүмкіндік береді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жол ақысын төлеуден бас тарту жөніндегі әкімшілік айыппұл енгізу туралы өзгерістер енгізілді. Жолаушылар және жүк тасымалының автомобильдік ережесіне электрондық төлем жүйесінің енгізілуіне байланысты өзгерістер енгізілді.

12.  Жолаушылар тасымалын орталықтандыру басқармасын енгізу. Астана қаласы әкімдігінің тұлғасы ретінде «Астана LRT» ЖШС Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасы жанындағы электрондық төлем жүйесінің, диспетчерлеу жүйесінің, бағдаршам объектілерін басқару жүйесінің, ақпараттандыру жүйесін орталықтан басқарудың бірыңғай операторы болады.

Толығырақ http://alrt.kz/ сайтында

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.