Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

01.02.2017, 11:16 Жаңалықтар / Көше қозғалысын ұйымдастыру
Қабанбай батыр даңғылында реттелмейтін жолаушылар өткелі алынып тасталады

3 ақпанда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылының бойындағы (Салтанат Сарайы) реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алынып тасталды.

Аталған өткелдің бағдаршам дабылы бар Қабанбай батыр даңғылы - Қорғалжын тас жолы реттелетін қиылысына (бағдаршам дабылымен жарақталған) жақын орналасқанын және автокөлік жолының категориясын (Қабанбай батыр даңғ.), техникалық өлшемдерін (6 жолақ, қозғалыстың қарқындылығы) ескере отырып, жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде туындауы мүмкін апатты жағдайларды болдырмау үшін Қабанбай батыр даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер жолын алып тастау туралы шешім қабылданды.

Жаяу жүргіншілердің Қабанбай батыр даңғылының көлік жүретін бөлігіне бақылаусыз шығуын болдырмау үшін демонтаждан кейін жаяу жүргіншілер қоршауларын орнату, жол белгілері мен белгілеулерін және жарық модульдерін алып тастау қарастырылған.

Жолдан қауіпсіз өту үшін Қабанбай батыр даңғылы  Қорғалжын тас жолы қиылысына дейін жүріп, бағдаршам дабылын пайдалану қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.