Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.02.2017, 18:38 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Түркістан көшесі жабылады

«Астана қаласындағы №1 жоспарлы ауданның (№19 көшенің оңтүстігіне қарай) жолдары мен инженерлік желілері. Түркістан (№34) көшесін салу» жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінен бастап Алматы көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан көшесі бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізіледі.

2017 жылғы 18 ақпан мен 31 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады.

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.