Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.02.2017, 12:22 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Астанада 16-18 ақпан аралығында елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Шара жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға, жол-көлік оқиғадарының санын азайтуға, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. 

ЖАШ шеңберінде тәртіп сақшылары бірқатар рейд және алдын алу шараларын өткізіп, жол жүру ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауда. Сонымен бірге, Астана қ. ІІД аппараты қызметкерлерінің қатысуымен жол үстіндегі патрульдік нарядтардың саны арттырылды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілген алғашқы күні полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 520 оқиғасын анықтады, соның ішінде апатты жағдай қалыптастыру, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, бағдаршамның тыйым салушы жарығына жүру, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон арқылы әңгімелесу бар. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өткені үшін 95 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.