Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.02.2017, 14:11 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана халықаралық әуежайында тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өтті

«Астаналық әуежайдағы қауіпсіздік пен жайлылық» кешенді жоспарын орындау шеңберінде елордалық Өрт сөндіру қызметі Астана халықаралық әуежайында тактикалық арнайы оқу-жаттығуларын өткізді.

Шараның мақсаты - тактикалық оқу-жаттығулар басқару органдарының іс-қимылын және құрама басшыларының тәжірибесі мен дағдыларын жетілдіру үшін, сонымен қатар жеке құрамның төтенше жағдайларды жою кезінде дұрыс әрекет етуін, басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылын үйлестіру, оған қоса әуежай құрамаларының әзірлік деңгейін көтеру.

Оқу-жаттығулар үш кезеңде өтті. Оқу-жаттығу жоспарының бір кезеңіне сәйкес, ТУ-154 ұшағын қондыру кезінде, ол жерге авариялық шассилері ашылмай түсіп, сырғанауы кезінде шасси құрылымында жану орын алады. Қауіп-қатер дабылы жарияланды, аталған орынға әуежайдың өрт сөндіру есебі, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Апаттар медицинасы орталығы келді. Жерге қондыру кезінде ұшақ бортында өрт орын алады, барлық құтқарушылар мен әуежайдың техникалық күштері ықтимал ТЖ орнына келді. Ұшақтағы жануды жоюға өрт-құтқару есебінің жеке құрамымен әуежайдың өрт автоцистерналарынан өрт сөндіру заттары берілді. Бір уақытта құтқарушылар ұшақтың авариялық шығуларынан зардап шеккендерді эвакуациялап, орында медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.

«Жаттығудың пысықтайтын кездері бар, біз шынайы ТЖ кезінде барлық қиындықтарға төтеп беруге әзір болуымыз керек. Алда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қауіпсіз өткізу міндеті тұр. Оқу-жаттығуға жұмылдырылған барлық бөлімшелер мен қызметтер алға қойылған міндеттерін орындай білді» - деп түйіндеді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Аманбаев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.