Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.02.2017, 16:25 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Елордалық оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауында үздік атанды

14-17 ақпан аралығында Алматы қаласының «Алатау» санаториі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Аталған конкурс 4 бағыттың 18 секциясы бойынша ұйымдастырылды. Астаналықтар 26 жүлделі орын алды, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс; 14 қола жүлде және 6 мақтау қағазы.

Астана қаласы оқушыларының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 2006-2007 жылдардан бері І жүлделі орынды, әрі «Ең үздік команда» атағын иеленіп келеді.

2017 жылғы Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы І орын алып, «Ең үздік команда» атағын тағы да иеленді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.