Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

22.02.2017, 11:26

«Астана Innovations» АҚ

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.4  тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы №1145 қаулысымен Қазақстан өңірлерінде Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары құрылды.

Осыған байланысты 2011 жылдан бастап Астана қаласында, «Астана Innovations» АҚ жанында инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ИҚО) жұмыс жасап келеді.

ИҚО негізгі мақсаты Астана қаласының аумағына шетелдік инвестициялар тарту, тиімді инвестициялық-инновациялық саясатты жүргізуге жағдай жасау бойынша ұсынымдар әзірлеу, Астана қаласында оңтайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру болып табылады.

Инвестормен жұмыс істеудегі маңызды сәт – оларды Қазақстан өңірлерінде сүйемелдеу. Шетелдік инвесторлармен тікелей жұмыс жасау, инвесторларға операциялық қызмет көрсету және клиентпен тікелей тілдесуді жүзеге асыру: бастапқы құжаттарды, қажетті байланыс деректерін және жобаны алға бастыруға қажет басқа да ақпаратты алу, сондай-ақ жергілікті жерлерде шетелдік инвесторлардың өтініштеріне жедел әрі дұрыс ден қою ИҚО міндеттерінің бірі болып табылады.

Мұнан басқа, ИҚО қызметі салалық кәсіптерді дамытудың ағымдағы ахуалын зерделеу арқылы жекелеген салалар бойынша елорданың инвестициялық әлеуетін анықтаумен, инвестиция тарту үшін басым, оңтайлы салаларды анықтаумен, қала салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, әлеуетті инвесторлардың нысаналы топтарын анықтаумен байланысты.

ИҚО келесідей қызметтерді атқарады:

1. Шетелдік инвесторларды іздеу:

- әлеуетті шетелдік әріптестерді тарту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;

- қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар, бизнес форумдар, көрмелер және басқа да инвестициялық іс-шаралар өткізу, басқа елдердегі инвестициялық іс-шараларға қатысу;

- Астанаға инвестиция құюға қызығушылық білдіретін шетелдік компаниялар, мемлекеттік органдар мен қазақстандық бизнес өкілдері арасында келіссөздер, көздесулер өткізу және инвесторларды толықтай сүйемелдеу;

- қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалогтық алаң құру;

- қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу.

2. Сервистік қолдау:

- инвесторларды қала аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыруда қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес беру (инвестициялық қолдау, инвестиция құюға басымдылық берілетін салалар бойынша, заңдық мәселелер, салықтық және көші-қон заңнамасы және т.б.);

- жоба жұмыстары бойынша кеңестер беру (бизнес-жоспарларды, ТЭН және т.б. әзірлеуде/жетілдіруде ықпалдастық таныту);

- инвесторларға арнап, қаланың инвестициялық ұсыныстары бойынша ақпараттық анықтамалықтар шығару.

3. Ақпараттық-талдамалық қамту:

- қалаға инвестиция құюға қызығушылық білдірген инвесторларды ақпаратпен қамтамасыз ету;

- шетелдік инвесторлар мен әлеуетті инвестициялық жобалардың дерекқорын құру; шетелдік инвесторларға салалық шолулар ұсыну;

- қалаға инвестиция құюға қызығушылық білдірген инвесторларға қажетті ақпаратты қалыптастыру және ұсыну, әлеуетті инвестициялық жобаларды құрылымдау (қаланың инвестициялық ұсыныстары, қалада, жалпы Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша, инвестиция салуды қажет ететін қала жобалары бойынша);

- Астана қаласының инвестициялық ұсыныстарын, жобалар картасын жасау (оның ішінде инвестиция құюды қажет ететін жобалар жасау, инвестиция салу үшін игерілмеген қала салаларын анықтау);

- қала аумағында және жалпы республика бойынша инвестициялық қызметке талдау жүргізу (инвестиция салу үшін игерілмеген қала салаларын анықтау, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және т.б.);

4. Мемлекеттік қолдау құралдарын интеграциялау:

- мемлекеттік қолдау алуға және туындайтын әкімшілік түйткілдерді шешуге ықпал ету;

- қалалық инвестициялық бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;

- республикалық және өңірлік инвестициялық қолдау құралдарын үйлестіру және жүйелік интеграциялау;

- өндірілген өнімді ішкі және шетелдік нарықтарға шығаруға ықпал ету;

5. Құқықтық қамтамасыз ету:

- инвесторлардың құқықтары мен қызығушылықтарын толықтай және сөзсіз қорғау;

- заңды тұлғаны, шетелдік азаматтарды тіркеуге ықпал ету;

- әкімшілік рәсімдерді өтуге ықпал ету;

- қала аумағында инвестордың инвестициялық қызметін толықтай сүйемелдеуді жүзеге асыру.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.