Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.03.2017, 11:13 Жаңалықтар / Үлескерлік құрылыс
ВАК «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң талаптарын ескермей пәтер сату мәселесін қарады

10 наурыз күні Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының құрылысы жүріп жатқан «Рамазан» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату мәселесін қарады.

ВАК отырысына «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының басшысы Саманов Абзал, «Жетісу ЖК» ЖШС директоры Төлегенов Ж.Т. шақырылды.

Мәселені қарау барысында «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының әрекеттері «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына қайшы келетіні анықталды.

Еске салсақ, бір тарап тұрғын үй салып, тұрғылықты немесе тұрғылықты емес ғимараттарды өткізіп, басқа тарап қаржы төлеп, ол ғимараттарды қабылдаған кезде құқықтық қатынастар туындау барысында азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында Мемлекет құрылысы жүріп жатқан нысандардан пәтер сатып алудың кепілдендірілген механизмдерін белгілеген (Құрылыс объектісіне Кепілдендіру қорының кепілдігі немесе азаматтардың қаржысын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар болғанда). 

Аталған құқықтық қатынастар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

Алайда «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының және «Жетісу ЖК» ЖШС-нің тұрғын үй құрылысына азаматтардың қаржысын тартуға рұқсат беретін қандай да бір құжаттары және Кепілдендіру қорының кепілдігі жоқ.

«DOMI.KZ» бағдарламасына сәйкес, заң нормаларын ескермей, үлестік құрылыстан артық шарттармен кооперативке өту арқылы баспананы өз құнына, бөліп төлеп және ипотека шарттарымен сатып алу ұсынылады.

Сондай-ақ, «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының «Рамазан» ТК-інің құрылыс салушысы «Жетісу ЖК» ЖШС-імен жазбаша қол қойылған келісімшарттары да жоқ.

Алайда осыған қарамастан, «DOMI.KZ» ресми сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде «Надежное жилье DOMI.KZ» компаниясының қандай да бір негізсіз тиімді шарттармен пәтер сатып алу мүмкіндігі туралы ақпараты белсенді түрде таратылуда.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы компаниялардың басшыларына «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын бұзуға болмайтыны туралы хабарлама берілді, және прокуратура өкілі оларға азаматтардың қаржысын тартудың осындай механизмдерінің теріс салдары туралы ескерту айтты.

Сондай-ақ, ВАК ұсынылған механизмді заң негізінде регламенттеу мәселесін қарау үшін құзырлы органдарға жүгіну және заңды негіздер болған жағдайда қызметін іске асыру туралы ұсыныс айтты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.