Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

15.03.2017, 09:51 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астаналық гидротораптар ағымдағы маусымда тасқын суды өткізуге дайын

Астанада су тасқынына қарсы қалалық жұмыс тобы құрылды және 2017 тармақтан тұратын кешенді шаралар жоспары іске қосылды.

Жоспарға сәйкес, қала аумағында су басуы мүмкін 37 учаске анықталды. Қазіргі уақытта аталған учаскелерге мамандар барып, су тасқынына қарсы шаралар әзірленді. Сонымен бірге, елорда әкімдігі кешенді жоспарды орындауға бағытталған бірнеше негізгі шараны белгілеп қойды.

Бірінші кезектегі шара - Есіл өзенінің жоғарғы ағысы тексерілді, нәтижесінде қар қорының шамадан 20-30%-ға көп екені анықталды, қалыпты норма 50 мм болуы тиіс. Мамандардың хабарлауынша, Есіл өзенінде көктемгі су жүру Астана су қоймасына келумен 200 - 280 млн текше метр көлемінде болжанып отыр. қазіргі уақытта Астана гидроторабы ағымдағы маусымда қар суын өткізуге толықтай дайын.

Астана су қоймасының жобалық қуаты 410 млн текше метр бола тұра, бүгінгі күні ондағы жиналған су 285,9 млн текше метрді немесе 69,9% құрайды. Астана су қоймасында су ағынын қабылдау және қауіпсіз өткізу мақсатында қосымша сыйымдылықты дайындау үшін «Казводхоз» РМК-імен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен бірге, «Астана қ. Есіл өзенінің көктемгі қар суынан қорғау» объектісінде бөгетті күшейту жұмыстары жүргізіліп, кешен қар суын өткізуге толықтай дайын.

Майбалық көлінің аумағы да маңызды аумақ саналады. Қазіргі уақытта көл суының деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда жарты метрге төмен, және ондағы су мөлшері 65 млн текше метрді құрайды. Бүгінгі күні каналды тазарту және жағасын бекіту, елорда әуежайының ұшу-қону жолағын су басудың алдын алу мақсатында бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Есіл өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, бұл шаралар газмашаппаратура ауданында аяқталды. Бұған қоса, өзенді тереңдету және арнасын кеңейту жұмыстары да қолға алынған.

Қала басшылығы Кіші Талдыкөл көлінің аумағына да ерекше көңіл бөліп отыр, ол бойынша арнайы шаралар жоспарланып, жауапты мемлекеттік органдар мен құрылыс компаниялары белгіленді.

13 наурыздағы жағдай бойынша, қыс кезінде қала аумағынан шығарылған қар мөлшері 4,9 млн текше метрді құраған, бұл былтырғы көлемнен 2 есе көп. Қар жинау жұмыстары 20 наурызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. сондай-ақ, үстіміздегі жылы су тасқындарына қарсы шараларға 1,4 млрд теңге қарастырылған, бұл қажет шығындарды жабуға жетерлік, дейді елорда әкімдігіндегілер.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.